- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың жақтастары қолдау форумын өткізді
Астанада ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың жақтастары қолдау форумын өткізді
Форумға қатысушылар қатарында – республикалық қоғамдық Штаб пен Астана қалалық қоғамдық Штаб мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми-шығармашылық интеллигенция, сондай-ақ, ҚР Парламенті мен Астана қалалық мәслихатының депутаттары, жастар белсенділері, спортшылар, сондай-ақ бизнесмендер атынан ҚР Президенттігіне үміткердің сенім білдірген өкілдері болды.
Сонымен қатар, аталған шараға ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық Штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, партияның астаналық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Салтанат Әли қатысты.
«ҚР негізін қалаушысы мен тұңғыш Президентінің арқасында тәуелсіздік жылдары ғасырға тиісті тағдырды кештік. Елбасының салиқалы саясатының арқасында келісім мен бейбітшілікте күн кешудеміз. Елбасымен бірге мықты, гүлденген ел құра білдік. Қоғамымыз тұрақты және саяси жаңғыртылған.Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында «Нұрлы жол» экономикалық саясаты дайын болды. Сондықтан да, мен осы форумның барлық қатысушылары барлық қазақстандықтар сияқты өз болашақтарының гүлденуіне дауыс береді деп ойлаймын. Елдегі тұрақтылық пен тыныштыққа тек Ұлт көшбасшысы ғана кепілдік бере алады», - деді М.Құл-Мұхаммед.
Шараға қатысушылар 2015 жылдың 26 сәуірінде келе жатқан сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
Форум барысында сайлауалды науқанның үгіт-насихат жұмыстары басталатыны айтылды. Тек Астана қаласының өзінде Кандидаттың 532 сенім білдірген өкілі жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, бүгін 26 наурыз күні бүкіл елде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың 224 қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын бастады. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылуына ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысты.
Қоғамдық қабылдау бөлмелері 2015 жылдың 24 сәуіріне дейін жұмыс істейді. Оларды беделді қазақстандықтар - «Нұр Отан» партиясының белсенділері, Ардагерлер кеңесінің төрағалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ қоғамдық бірлестік өкілдері басқаратын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды