• Басты
  • Қазақстанда «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасы бойынша 151 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
27 Наурыз, 2015 08:34

Қазақстанда «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасы бойынша 151 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

2014 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 151,5 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 42,2 мың адам уақытша жұмыспен қамтылды. Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 94,5 млрд. теңге бөлінді.

Қазақстанда «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасы бойынша  151 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды | Strategy2050.kz

Былтыр бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша  жұмыспен қамту орталықтарына барлығы 212,7 мың адам жүгіндіғ деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

193,7 мың бағдарламаға қатысушылардың жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген кезде 113 мың 191 (58,4%), жұмыссыз болған, 79 мың 308 (40,9%) – өз бетімен жұмысқа орналасқандар, 1 240 адам (0,6%) – жарым – жартылай жалдамалы жұмысшылар.

«Жұмысқа орналасқандардың көпшілігі экономикалық белсенді тұрғындар. 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 43,5 % (84 мың. 269 адам) құрады, 30-дан 50 жасқа дейінгі тұлғалардың үлесі 44,5 % (86 мың. 431 адам), 30 жастан зейнеткерлік жасқа жеткендердің үлесі 12 % (23 мың. 39 адам)», - делінген хабарламада.

Бағдарламаға қатысушылардың арасында 27 мың адам – аз қамтылғандар, 7,5 мың адам – оқу орындарын бітіргендер, 5,6 мың адам – мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, 396 адам – оралмандар.

Инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді қарастырған бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға 2014 жылы   52,8 млрд. теңге бөлінген. Денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік және тағы басқа сала нысандарының ағымды және күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты 1 мың. 994 жоба іске асырыла бастады. 23 мың. 793 адам жұмыспен қамтылды, оның 12 мың 721 – бағдарламаға қатысушылар немесе жұмысқа орналасқандардың 53,5%. Бірінші бағыт бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін 954 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт шеңберінде – ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу – 2014 жылы 9 мың 607 адам микрокредиттер алды, соның ішінде 6 мың 952 адам жеке кәсібін ашты (қосымша 4 мың 637 адамға жұмыс орны ашылды), бизнесін кеңейту үшін 2 мың 655 адам қаражат алды. Микрокредиттерге бөлінген жалпы қаражат көлемі 20 млрд. теңгені құрайды.

Инженерлік коммуникациялар, бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үйлердің құрылысына, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және жастар тәжірибесіне 12 млрд. теңге бөлінді.

Үшінші бағыт бойынша (оқыту және жұмысқа орналастыру үшін көмек көрсету) кәсіби оқуға 2014 жылы республикалық бюджеттен 9,1 млр. теңге бөлінді, 35 мың 741 адам оқумен қамтылды. Оқу соңында 17 мың 998 азамат жұмысқа орналастырылды.  

Аймақтарда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 5 мың 810 жұмыс берушілермен келісімшартқа отырған, оған сәйкес 17 мың 620 адам жұмыспен қамтылған.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру шеңберінде 6 мың 712 жұмыс берушілермен келісімшартқа отырған, оған сәйкес 14 мың 752 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«ЖҚК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты оған қоса, жұмыс берушілердің мұқтаждығы шеңберінде еңбек ресурстарын мобильдеуді жоғарылатуды қарастырады.

2014 жылы 138 үйдің (785 пәтерлі) құрылысы аяқталған. Бағдарламаға қатысушыларға және олардың жанұя мүшелеріне 183 үй немесе 1043 пәтер бөлінген. (алдында салынғандарды есепке алғанда). Былтырғы жылы 3 мың 456 адам, сонымен қатар, жұмысқа қабілетті жастағы 586 адам көшірілді, оның ішінде – 1 мың 370 адам жұмысқа орналастырылды.

Одан басқа, мемлекеттік қолдау көрсетусіз жұмыспен қамту орталықтары арқылы 87 мың 297 адам жұмысқа орналастырылған.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды