• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2015 жылға дейін қатаң қадағалауға алынатын 14 табиғи аймақ пайда болады - ҚОҚМ

ҚР-да 2015 жылға дейін қатаң қадағалауға алынатын 14 табиғи аймақ пайда болады - ҚОҚМ

8 Қазан, 2013 11:00
Қазақстанда 2015 жылға дейін қатаң қадағалауға алынатын 14 табиғи аймақ пайда болады, деп Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аймақты 6 аумаққа дейін кеңейтіп қатаң қадағалауға алынатын 14 табиғи аймақты құру жоспарлануда. 2015 жылға қарсы олардың аумағы 24,5 млн га жерге дейін жетеді, ал 2020 жылға дейін 27 млн га жетеді», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған.

Қазіргі таңда қатаң қадағалуға алынған табиғи аймақ елдің 24 млн га жерін алып жатыр.

Арал көлінің  құрғаған аумағының 5000 га жеріне сексеуіл отырғызылды. Ағымдағы жылдың күзінде сексеуіл 1000 га жерге отырғызылды. «Семей орманы» мен «Ертіс орманы» резервтерінде  жыл сайын 5000 га жерге сексеуіл отырғызылады.

Жалпы, ағымдағы жылы республика бойынша 69 мың га жерге орман отырғызылды. Ал, 2020 жылға қарсы орман алқаптарын 80 мың га жерге жеткізу көзделіп отыр.

 

Барлық жаңалықтар