- Басты
- Мәжіліс төрағасы Корея компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсене қатысуға шақырды (Фото)
Мәжіліс төрағасы Корея компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсене қатысуға шақырды (Фото)

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар барлық сала бойынша екіжақты қарым-қатынасты дамыту жайында пікір алмасты.
Мәжіліс Төрағасы Корея Қазақстанның Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі екенін алға тарта келіп, саяси, сауда-экономикалық саладағы жетістіктерге тоқталды. Корея Республикасының Президенті Па Кын Хенің өткен жылғы Қазақстанға жасаған мемлекеттік іс-сапары өзара саяси іс-қимылға тың серпін берді.
Қос мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2 млрд долларға жуықтады. Бүгінгі күні Қазақстанда 800-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Әсіресе, Атырау облысында салынып жатқан газ-химиялық кешен, жақын уақытта іске қосылатын «Жамбыл» кен орны, Балхаш ЖЭС сынды ірі жобалар Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына айтарлықтай үлес қосумен қатар, біздің елдеріміздің инвестициялық және технологиялық ынтымақтастығын нығайта түспек.
Осы ретте Мәжіліс Спикері Еуразиялық экономикалық одақ басымдықтарын да назардан тыс қалдырмады.
Одан әрі Мәжіліс Төрағасы оңтүстік кореялық бизнес өкілдерін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат және ауқымды үдемелі индустриялық даму бағдарламасы аясында Қазақстанда индустриялық – инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, Астанада өтетін «ЭСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысуға шақырды.
Қабиболла Жақыпов көпжақты іс-қимылды нығайту жайын сөз еткенде Корея Респбуликасының 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдайтындығына сенім білдірді. Ал елдегі саяси ахуалды әңгімелеу барысында сәуір айында өтетін президенттік сайлаудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде делегация жетекшісі Астанаға бірінші рет келгенін, қаланың заманауи деңгейде өркендеп келе жатқанына тәнті болғанын жеткізді. Чаң Юнсоктың атап өткеніндей, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан қарқынды даму жолына түсті.
Кездесу иелері мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне де көңіл бөлді.Сондай-ақ, парламентаралық ықпалдастықты күшейтуге айрықша назар аударылды.
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды
-
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
-
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді
-
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
-
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды

