- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2015 жылдың 1-ші сәуірінде, көктемгі әскери шақыру науқаны басталады
Қазақстанда 2015 жылдың 1-ші сәуірінде, көктемгі әскери шақыру науқаны басталады
«1-ші сәуірден кезекті әскерге шақыру науқаны басталады. 2015 жылы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 30 мыңға жуық адам, нақтырақ айтқанда 29 мың адам шақырылуы тиіс. Оның 12 мыңы көктемде, сәуір мен маусым айларының аралығында шақырылады»,-деді А.Осербаев.
Бұған қоса ол азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру бойынша жергілікті жерлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. «Шақыру комиссиялары құрылды. Сондай-ақ медициналық комиссиялар да ұйымдастырылды. Шақыру комиссияларының барлығы қажетті құрылғыларымен және мамандармен қамтамасыз етілген»,-деді басқарма бастығы.
Қорғаныс Министрлігі баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше, 2015 жылдың көктем мезгілінде әскерге кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқық жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар мен оқу орындарынан босатылған, жасы 27 толмаған және әскери қызметін өтемеген азаматтар шақырылуы тиіс.
«ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге 4 мыңға жуық азамат шақырылады. Ал, қалғандары ҚР Мемлекеттік Қорғаныс қызметіне, ҚР Ұлттық гвардиясына, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне жіберілетін болады»,- делінген хабарламада.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды