Меморган басшылары мен депутаттар азаматтарды қабылдайды

26 Наурыз, 2015 18:03
Меморган басшылары мен депутаттар «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдайды,деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

27 наурызда «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Бас прокурорының орынбасары А.Н.Кравченко азаматтарды қабылдайды.

30 наурызда ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев азаматтарды қабылдайды. 

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламентіндегі Фракция мүшелері де қабылдаулар өткізеді. Айталық, 26 наурызда Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Мұхтар Тінікеев, ал, 31 наурызда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлмира Исимбаева азаматтарды қабылдайды. 

Бұдан бөлек, сәуір айында келесі тұлғалар партияның қоғамдық қабылдауларында өз қабылдауларын өткізеді:

1 сәуірде – ҚР Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов;

3 сәуірде – ҚР Энергетика министрі В.Н. Школьник;

8 сәуірде – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары С.К. Ахметжанов; 

10 сәуірде – ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедияұлы;

15 сәуірде – ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов;

17 сәуірде – ҚР Әділет министрі Б.М. Имашев;

21 сәуірде – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбекова.


 

Барлық жаңалықтар