- Басты
- Жаңалықтар
- 2015-2016 оқу жылында мектепке дейінгі білімнің жаңартылған стандартын мақұлдау басталады - Жонтаева
2015-2016 оқу жылында мектепке дейінгі білімнің жаңартылған стандартын мақұлдау басталады - Жонтаева
«Бүгінгі таңда бастауыш білімнің мемлекеттік стандартын жаңарту жобасы толығымен келісілуде. Оқыту бағдарламасы дайындалып, талқыланды. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Білім және ғылым министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебімен бірге мектепке дейінгі білім стандартының жобасын әзірлеуде»,- деді Ж.Жонтаева Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында.
«Республиканың 30 пилотты мектебінде 2015-2016 оқу жылында оқу бағдарламалары мен стандартты апробациялауды бастаймыз. 30 мектептің 20-сында мектепалды даярлық кластары бар, оларда да стандарт пен оқу бағдарламаларын апробациялау жоспарлануда», - деп толықтырды орта және мектепке дейінгі білім департаментінің директоры.
Республикада барлығы 8467 мектепке дейінгі мекеме бар, оларға 727,4 мың бала барады, қамту - 78,6%. Республиканың 6 өңірінде балаларды қамту республика көрсеткішінен төмен: Алматы (62,9%), Маңғыстау (68,1%), Жамбыл (70,9%), Оңтүстік Қазақстан (72,4%) облыстарында және Алматы (64,7%), Астана (63,1%) қалаларында, оларға 2020 жылы 100% мақсатты көрсеткішке жетпеу қаупі төніп отыр.
Соған байланысты жоғарыда аталған өңірлерде Ұлттық қор қаржысы есебінен жалпы сомасы 15,39 млрд теңгеге Маңғыстаудан басқа (2 балабақша) облыстарда 3 балабақшадан, ал басқа өңірлерде 1 балабақшадан салу қарастырылған.
Камила Амирова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет