- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде Наурыз мейрамы жылдың атаулы мерейтойлары ұранымен өтті
Ақтөбеде Наурыз мейрамы жылдың атаулы мерейтойлары ұранымен өтті
«Биылғы жылы наурыз мерекесі елдегі және аймақтағы жылдың атаулы мерейтойлары ұранымен өтті - биылғы атаулы күндер - Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдығы», - делінген хабарламада.
Танымал тарихи есімдер - Әбілқайыр хан, Қобыланды батыр, Әйтеке би, Бөгенбай батыр, Есет батыр ауылдары, сондай-ақ «Достық» және Әлия ауылдары ұйымдастырылды. Шығыс халықтарының этнобірлестіктері көктем мен жаңарудың тамаша мейрамының қонақтарын өздерінің салт-дәстүрлерімен қарсы алды, бұл Ұлыстың Ұлы күнінің ұлттық алуантүрлілігін көрсетті.
Тігілген киіз үйлерде ақтөбеліктер наурыз көже ішіп, бауырсақ, түрлі ұлттық тағам түрлерінен дәм татты. Қаладағы 24 дәмхана мен мейрамхана мереке қонақтарына арнап 3 тоннадан астам бауырсақ және 1000 литр наурыз көже әзірледі.
Архимед Мұхамбетов ақтөбеліктерді жалпыхалықтық мейраммен шын жүректен құттықтап, шығыс күнтізбесі бойынша келіп жеткен Қой жылының әр отбасына, Қазақстанға табыс пен амандық, бейбітшілік пен келісім әкелуін тіледі.
Сөз соңында аймақ басшысы биыл атап өтілетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңызын атап өтіп, мерекеге қатысқан бір топ соғыс ардагерлеріне «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерейтойлық медальдарын табыстады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті