- Басты
- Жаңалықтар
- Атбасарға «Менің Қазақстаным» пойызы келді
Атбасарға «Менің Қазақстаным» пойызы келді
Атбасар 1845 жылы құрылған қала, биыл 170 жылдық мерейтойы. Мұнда 70-тен астам ұлт өкілдері тату-тəтті өмір сүруде. Бүгінгі таңда аудандағы кәсіптік өндірістер 12 млрд теңге, ауыл шаруашылығы 11 млрд теңге табыс әкелуде. Бүгінгі күні Атбасарда 8 мектеп 3 колледж бар. Сонымен қатар 2000 адамды жұмыспен қамтып отырған электровоз жөндеу зауыты жұмыс істейді.
25 наурызда Солтүстік-Қазақстан облысынан келген поезд Атбасар қаласына келіп тоқтады. Жалпы «Менің Қазақстаным» пойызы өзінің сапарын 23 наурызда Астана қаласынан бастаған, енді ол 22 сәуірге дейін ол қазақстандық бекеттердің 27 аялдамасына тоқтайды.
Акция шеңберінде қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауының жұмысы ұйымдастырылды. Оған қоса келесі іс-шаралар болып өтті: семинар-тренингтер, әлеуметтік, заңгерлік, дәрігерлік, мемлекеттік қызмет ұсыну, бизнес және ауыл шаруашылығы сұрақтары бойынша кеңестер.
Ал делегация жетекшісі Ғазиз Телебаев пойыз жолаушыларын үлкен құрметпен қарсы алған аудан халқына алғысын білдіре келіп:"Біз кеше Тайынша қаласында болып, бүгін міне Атбасарға ат басын тіреп отырмыз. Біздің пойызда бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін адамдар келді. Біріншісі, ҚХА мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, олар осы Ассамблеяның 20 жылдығы туралы дəріс оқып, сіздерге ақпарат беретін болады. Екінші топ - дəрігерлер, олар халыққа медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, əлеуметтік қолдау саласының мамандары да бар. Одан кейін Ескендір Хасанғалиев ағамыз бастаған бір топ өнер майталмандары бар", - деп атап өтті ол.
-
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы -
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді -
«Менің атым кім?» жобасының авторы: Бұл кітапта әр бала ертегі кейіпкері бола алады -
Шымкентте пневмониямен ауырған 6340 науқас тіркелді -
Алматыға Мәскеуден бір топ дәрігер COVID-19 ауруымен күресуге келді -
Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға COVID-19 індетімен күресуге келді -
Ғ.Ағаділов: Мемлекеттік шекарада жолаушы саны азайғанымен, бірқатар заң бұзушылық тіркелді -
Коронавирус: Ауру белгілері жоқ 964 тасымалдаушы тіркелді -
Жақыныңа жанашыр бол: Коронавирус белгісі жоқ тағы 623 адам тіркелді -
Коронавирустың белгілері жоқ 600 тасымалдаушы тіркелді -
Елімізде коронавирус белгілері жоқ 500-ге жуық тасымалдаушы тіркелді