- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда азық-түлік бидайының сатып алу бағасы 28 мың теңгені құрады
Қазақстанда азық-түлік бидайының сатып алу бағасы 28 мың теңгені құрады
«Үкімет отырысында астықтың мемлекеттік ресурстарына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компания» АҚ сатып алынатын азық-түлік бидайының бағасы ҚҚС төлеушілер үшін 1 тоннасына 28 мың теңге, ҚҚС төлемеушілерге 1 тоннасына 25 мың теңге көлемінде белгіленді», - деп хабарламада нақтыланған.
Мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын астықтың сапа көрсеткіштері: жаратылысы – 710 г/л және одан жоғары, басқа сапа көрсеткіштері – ҚР СТ 1046-2008 «Бидай. Техникалық жағдайлар» 3 сынып үшін нормалардан төмен емес.
Айта кетерлігі, астықты мемлекеттік ресурстарға 2013 жылғы егіннен сатып алу азық-түліктік астықтың мемлекеттік резервін жаңарту, азық-түлік қауіпсіздігін, астық нарығын жедел реттеу және республиканың мобилизациялық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік астық ресурсына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы мүдделі органдарда келісу процедурасын өтуде.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру