- Басты
- Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды -ОСК
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды -ОСК

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды табыс етпеуіне байланысты ҚР ОСК-ы Лимана Қойшиеваны, Қанат Сбашұлы Турагелдиевті, Жарылқап Сейдләұлы Қалыбай мен Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулылар қабылдады»,-делінген хабарламада.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты, Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты тіркеді.
26 наурыздан бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісуге құқылы.
Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы қаулы қабылдады.
Сайлау заңнамасына сәйкес, мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуіне кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың теледидардан он бес минуттық, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi.
«БАҚ-та сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін кандидаттарға бөлінетін сомалардың есебі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрілігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті ұсынған қолданыстағы бағаларға сәйкес жүргізілді. Теледидардан он бес минуттық сөз сөйлеуіне кандидаттарға 5 250 000 теңге сомасында қаражат бөлінеді. Радиодан өз бағдарламасымен он минуттық сөз сөйлеуіне әрбір канидатқа 200 000 теңге, баспа басылымдарында екі мақала жариялауына әрбір кандидатқа 810 000 теңге бөлінеді»,-деп хабарлады ОСК-ның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайды жалға алуға 200 000 теңге, үгіт материалдарын басып шығаруға 250 000 теңге сомасында қаражат бөлінеді. Тіркелген әрбір кандидаттың көліктік шығыстарына берілетін қаржы 300 000 теңге. Сондай-ақ ОСК Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша 25-ші наурызда тағы 9 халықаралық байқаушыны тіркеді.
Олардың 5-уі ТМД-дан келген байқаушылар Миссиясының өкілі (екеуі Беларусь Республикасынан және үшеуі Тәжікстан Республикасынан), 4-уі - шет мемлекеттердің өкілі (Канада, Литва, Финляндия мен Чехия Республикаларынан бір-бірден).
-
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында
Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарына қсылды. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен ұлттық комиссия отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 18:18
-
Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады
Қазақстан Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану бойынша үлгі бола алады. Бұл туралы «Корея түбегінің қосылуы және бейбітшілігі: Қазақстан тәжірибесі» атты семинар барысында Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэсик мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік талқыланды
Қазақстандық делегацияның Вашингтонға сапары барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның саяси, экономикалық және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитеттерінің отырыстары өтті.
05 Желтоқсан 2019, 11:35
-
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы көші-қон процестері талқыланды
Елордамызда «Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өтті, оның барысында адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды.
05 Желтоқсан 2019, 10:42
-
Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында.
04 Желтоқсан 2019, 16:08
-
Қазақстанның Елшісі ҚХР Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды
Бейжіңде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды.
04 Желтоқсан 2019, 12:18
-
Қазақстан мен Польша арасында жаңа әуе рейстері ашылады
Қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді.
04 Желтоқсан 2019, 10:30
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
04 Желтоқсан 2019, 09:13
-
Қазақстан Беларусь авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді
Қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді.
03 Желтоқсан 2019, 16:14
-
Қазақстанда алғаш рет "Зерна" адамгершілік педагогикасының халықаралық фестивалі өтті
Алматы қаласында 5 алыс және жақын шетелдерден 1000-ға жуық қонақтарды біріктірген "Зёрна " адамгершілік педагогикасының Халықаралық фестивалі өтті.
03 Желтоқсан 2019, 10:57
-
Қазақстанда энергия үнемдеу қалай жүзеге асырылады
Елордада II Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті. Шара еліміздің энергия үнемдеу саласындағы барлық жетістіктері туралы халықты хабардар ету және халықаралық деңгейдегі салалық сарапшылармен энергиялық тиімділікті арттыру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында халықаралық энергия үнемдеуге орайластырылған басты қорытынды алаң болып отыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 14:31
-
Солтүстік Қазақстан облысында экспорт көлемі 15,4 пайызға артты
2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында экспорт көлемі 15,4 пайызға артқан. Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде обыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:14
-
Еуропалық дипломаттар ЕО-ның Қазақстанмен ынтымақтастық әлеуетін жоғары бағалайды
Еуропалық Одақ институттарымен ынтымақтастықты дамыту перспективалары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Қазақстанға екі күндік танысу сапармен келген ЕО Кеңесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша жұмыс тобының (COEST) өкілдерімен кездесуінде талқыланды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
26 Қараша 2019, 16:19
-
Astana Hub-та Корей-Қазақстандық IT-орталығы ашылады
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында «Зерде» Холдингі» АҚ және Корея Республикасының Ұлттық ақпараттық қоғам агенттігі (NIA) Ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық орталығын құру және жұмыс істеу үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
25 Қараша 2019, 18:09
-
СІМ өкілі Гонконгта ұсталған қазақстандық студентке қатысты пікір білдірді
18 қарашада Гоконгтағы наразылық кезінде Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр жергілікті полициямен ұсталған еді. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров журналистерге берген сұхбатында қазақстандық студенттің жағдайы тұрақты екендігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 17:12
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды