- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО одаққа мүше елдердің ветеринария саласына жауапты орган жетекшілерінің кеңесін құрады
ЕАЭО одаққа мүше елдердің ветеринария саласына жауапты орган жетекшілерінің кеңесін құрады
Мәжіліске қатысушылар мұндай кеңестің қажеттігін растап, сыртқы сауда барысында ветеринарлық-санитарлық шараларды қолдану кезінде осы салаға жауапты мамандардың бірлескен қимылдарының тиімділігін арттыру маңызды екендігін атап өтті. Сондай-ақ жиында арнайы комиссия дайындаған ЕАЭО-қа мүше елдердің ветеринария саласы басшыларының кеңесін құрудың ережесінің жобасы көпшілік тарапынан қолдау тапты.
Сонымен қатар, мәжілісте үшінші елдердің кәсіпорындарын арнайы тізімге енгізу және осы тізімге енгізу барысында өзара ақпарат алмасу, ЕАЭО-тың сыртқы шекарасындағы жағдайды бірлесіп бақылау сияқты мәселелер де сөз болды.
«Одақ аймағын ЕАЭО заңнамаларына қайшы келетін тауарларды Беларусь пен Қазақстан мемлекеттеріне өткізу кезінде ветеринарлық мақсаттарға пайдаланылатын қауіпсіз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыға түсті. Сонымен қатар мәжіліске қатысушылар әлемнің үшінші мемлекеттерінде дайындалған және Ресей аймағына жіберуге тыйым салынған шошқа етін Қазақстаннан Ресейге жібермеу мәселесін де пысықтады»,-делінген хабарламада.
Құзырлы органдардың басшылары орын алуы ықтимал әртүрлі қауіптердің алдын алу үшін халықаралық талаптар негізінде дайындалған ветеринария саласындағы тәуекелдерді бағалаудың бірыңғай әдістемелігі мен тәртібі болуы қажеттігін өзекті мәселе ретінде атап өтті. Бұл тақырып, комиссияның 2015-2016 жылдарды қамтитын санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар жөніндегі зерттеу жұмыстарының жоспарына енгізілмек.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 29 жыл толды -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті