- Басты
- Жаңалықтар
- Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын болды – ҚР СІМ
Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын болды – ҚР СІМ
Токиода Жапония Сыртқы істер министрінің орынбасары Такаши Утомен, Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Норихико Ишигуромен, Жапонияның «JATA» туристік агенттіктер қауымдастығының президенті Тацура Накамурамен, Жапонияның «JETRO» сыртқы сауда ұйымының президенті Соичи Йошимурамен, Жапонияның «Nippon Keidanren» экономикалық ұйымдар Федерациясының вице-төрағасы Норио Сасакимен және өзге де азаматтармен кездесу өтті, делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Келіссөздер барысында тараптар екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастығының жоғары деңгейде екендігін жеткізіп, 2015 жылы екіжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету бағытында Жапонияның Премьер-Министрі Шинзо Абэнің Қазақстанға сапарын ұйымдастырудың маңызды екендігін атап өтті.
Бұған қоса, Р.Жошыбаев жапониялық әріптесіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның Премьер-Министрі Ш.Абэге жолдаған Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілдігіне кандидатурасын қолдау жөніндегі жолдауын жеткізді.
Жапонияның Экономика, сауда және индустрия вице-министрі - Қазақстан мен Жапонияның Мемлекеттік және жеке секторлар жөніндегі бірлескен комиссиясының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тең төрағасы Н.Ишигуромен болған кездесуінде сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, тараптар Токиода 2015 жылы өтетін бірлескен комиссияның 6-шы мәжілісіне дайындық, ЭКСПО-2017 көрмесіне корпоративті қатысушыларды дайындау жөніндегі мемлекеттік профильді органдардың, әсіресе энергетикалық, машинақұрылысы және экономиканың технология секторында жұмыс істейтін өкілдердің өзара байланысын ортаға салды.
Р.Жошыбаев ЭКСПО-2017-нің Қазақстан Республикасының жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы ғылыми әлеуетін көрсететін тиімді алаң болатынын және осы салада көпбағытты ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы