- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды
700 шаршы метрді алып жатқан екіқабатты ғимаратта жер қатынастары, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы және құрылыс, аймақтық кәсіпкерлік палатасы, банктер мен қаржы институттары сияқты органдардың мамандары қызмет етуде. Осылайша кәсіпкерлерге арналған барлық қызметтер бір жерге топтастырылып, олар қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша тегін көрсетуде, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері.
«Мұнда кәсіпкерлерге бизнес-жоспарлар құрып, мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде түсіндіріп, қандай да бір көздерден қаржы алу кезінде қажетті атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде қажетті ақыл-кеңестер беріледі. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында заңгер мен есепшінің көмегі және кедендік, салықтық төлемдер сияқты барлығы 20 түрлі бағыт бойынша консультативті қызмет көрсетіледі»,-делінген хабарламада.
Бұған қоса, бизнесті жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті қалай жүргізу керектігі, іскерлік жоспар, менеджмент, маркетинг сияқты барлық бағыттар бойынша оқу-үйрету бағдарламалары ұсынылады. Бағдарламада осы уақытта жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметі негізінде тәжірибелік сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізу жұмыстары жоспарланған.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес-мектеп жұмыс істеуде. Онда аймақтық палата өкілдерімен бірлескен түрде кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау жұмыстары жүргізіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады