• Басты
  • ОСК Я.Жүнісбек, Қ.Маишев, А.Өтепова және А.Асылбекті ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты
24 Наурыз, 2015 21:11

ОСК Я.Жүнісбек, Қ.Маишев, А.Өтепова және А.Асылбекті ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты

Бүгін, 24 наурыз күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлады ҚР ОСК.
ОСК Я.Жүнісбек, Қ.Маишев, А.Өтепова және А.Асылбекті ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 24 наурыздағы өзінің отырысында Якобжан Жүнісбековті, Қайрат Әлембайұлы Маишевті, Айгүл Дүйсенқызы Өтепова мен Амантай Хантемірұлы Асылбекті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулыларын қабылдады.

Бұл шешім аталған кандидаттар лингвистикалық комиссияның отырыстарына келмегендіктен, олардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның кандидаттарға қойылатын талаптарының мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бөлігінде сәйкестігінің белгіленбеуіне байланысты туындады.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы  Қанат Сабырұлы Есжанов пен Біржан Жетіруұлы Ділмағамбетті олардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінен өтуден бас тартуларына байланысты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты.

Сонымен қатар Ортсайлауком хатшысы Б.С. Мелдешов Мұхамедрахим Қадырбайұлы Құрсабаевтан, Мэлс Хамзаұлы Елеусізов пен Жақсыбай Әбішұлы Бәзілбаевтан өз кандидатураларын алып тастау туралы жазбаша өтініштері түскені туралы комиссияны ақпараттандырды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды