• Басты
  • ОСК төрағасы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысымен кездесті
24 Наурыз, 2015 11:13

ОСК төрағасы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысымен кездесті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы Корнелия Виллемиен Анке Йонкер ханыммен кездесті, деп хабарлады ОСК.
ОСК төрағасы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысымен кездесті

Кездесуге сондай-ақ, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы басшысының орынбасары Меган МакКейб Фитцжеральд, Ортсайлауком Төрағасының орынбасары В.К. Фоос, ҚО ОСК мүшелері Т.В. Охлопекова мен М.А. Сәрсембаев, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құқықтық мәселелер жөніндегі маманы Мерсе Кастеллс Висенте, сайлау мәселелері жөніндегі маманы Лусиан Рауль Мюресан және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау жөніндегі кеңесшісі Радивое Груичь қатысты.

Ортсайлауком басшысы Йонкер ханымды Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі жұмысымен, сайлау науқанының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерімен таныстырды.

«Біз ынтымақтастыққа дайынбыз, халықаралық байқаушылар үшін ашықпыз және олардың байқауға қатысуын алдағы сайлаудың жариялы, транспаренттік, айқындық ахуалын қамтамасыз етуге, сайлау процесіне барлық қатысушылардың бізге деген сенімін арттыруға себептесу ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы сайлау науқаны барысын байқауға қатысуға шақыру үшін ризашылығын, сонымен қатар Миссия сарапшыларының Ортсайлауком мүшелерімен сайлау процесінің барлық аспектілеріндегі ынтымақтастығы тығыз және кәсіби болатындығына сенім білдірді.

«Ынтымақтастық оң және тиімді боларына сенім білдіреміз», - деді ол.

«Бізде өзара іс-қимыл тәжірибесі бар. Ортсайлауком өкілдері Миссия өкілдерін бүкіл науқан бойы қызықтырған барлық мәселелерді жұмыс бабында талқылай алады деп ойлаймын», - деді Қ. Тұрғанқұлов.

Кездесу барысында сондай-ақ қазақстандық билік пен сайлау органдары сайлау науқаны сайлау заңнамасының нормалары мен демократиялық сайлаудың  жалпыға танымал халықаралық қағидаттарына қатаң сәйкес түрде өтетініне бар күшін салатыны атап өтілді.«Бұған басшылықтың саяси еркі, сайлау ұйымдастырушылардың тәжірибесі мен білімі жетерлік»,  - деді  К. Тұрғанқұлов.

Кездесу соңында Қ. Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының сарапшыларына сайлауды әділ және адал байқауда табыс тіледі. «Миссия сарапшыларының, Ортсайлауком мүшелері мен барлық сайлау процесіне қатысушылардың мүддесі толығымен сәйкес келеді деп ойлаймын» - деп атап өтті ол. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды