Жамбыл облысында жыл соңына дейін 2 балабақша ашылады

8 Қазан, 2013 10:08
Жамбыл облысында 2013 жылдың аяғына дейін 2 балабақшаны қолданысқа беру жоспарланып отыр, 2014 жылы тағы 7 балабақша ашылады, деп облыстың білім беру басқармасы хабарлады.

«Жамбыл облысында 2013 жылдың  соңына дейін қолданысқа 2 балабақша, ал 2014 жылы тағы 7  мекеме ашылмақ. Оған қоса, оның бесеуі республикалық бюджет, екеуі жергілікті бюджет қаржысына тұрғызылады», - деп хабарламада нақтыланған.  

«Балапан» бағдарламасы бойынша аймақта балаларды мектепке дейін тәрбиелеу жұмысын жүргізу дамуда.

Мемлекеттік бағдарлама қабылданғаннан бері  аймақта 56 балабақша мен 131 шағын орталық ашылды, ол 17,7 мың баланы қамтыды.

Барлық жаңалықтар