- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Иордания Королі Абдалла II-ні Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне қатысуға шақырды
Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Иордания Королі Абдалла II-ні Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне қатысуға шақырды
Сенат Төрағасы Абдалле II-ге Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жылы шырайлы сөздерін жеткізді. «Халықаралық жағдайды сауықтыруға, сондай-ақ Корольдіктің қоғамдық-саяси өмірі мен экономикасын реформалауға бағытталған Сіздің қызметіңізді біздің еліміздің Президенті жоғары бағалайды», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы әлемдік діндер мен конфессиялардың өзара іс-қимылын қалыптастыру жөніндегі Иорданияның көзқарасы Қазақстанға да ортақ екенін атап өтті, исламның бейбітсүйгіш дін екені, сондай-ақ түрлі діндер өкілдерінің арасындағы үнқатысудың маңыздылығы «Амман жолдауында» көрініс тапқаны айтылды. «Бұл идеялар Қазақстанға да өте жақын. Біздің пікірімізше, бейбітшілік, қауіпсіздік және өзара ынтымақтастық қағидаларын бекемдеуде әлемдік қоғамдастықта басқа діндер сияқты, исламның да зор әлеуеті бар», - деді Қ.Тоқаев.
Толеранттық пен өзара құрмет рухын ілгерілету жөніндегі Иордания Королінің күш-жігерін жоғары бағалаған Парламенттің жоғарғы Палатасының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қ.Тоқаев Абдалла II-ге биылғы 10-11 маусымда Астанада болатын V Съезге Президент Н.Назарбаевтың шақыруын жеткізді. «Саяси көшбасшылар мен діни басшылар тарапынан келісілген іс-қимыл мен өзара қолдау барда адамзат қазіргі замандағы жаһандық әлемдегі қатерлерге тиімді түрде қарсы тұра алады, Сіздің өзіңіздің V Съезге қатысуыңыз халықаралық қауымдастықтың бәріне ол туралы анық белгі беретіні күмәнсіз», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Қ.Тоқаев Абдалла II-ні Қазақстандағы ішкі саяси жағдайлар туралы хабардар етіп, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру, сондай-ақ сайлау науқанының барысы туралы әңгімеледі.
Сапар аясында Қ.Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігі Парламенті Сенатының Төрағасы Абд Ар-Рауф Аль-Рауабдемен кездесті.
А.Рауабденің былтырғы маусымдағы Қазақстанға сапарына ерекше мән берген Сенат Төрағасы оның парламентаралық үнқатысуға қосымша серпін бергенін атап өтті және Қазақстан Парламенті иордан әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуға әзірлігін білдірді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар