- Басты
- Жаңалықтар
- «Менің Қазақстаным» пойызы» акциясына 1 миллионға жуық қазақстандық қатысады
«Менің Қазақстаным» пойызы» акциясына 1 миллионға жуық қазақстандық қатысады
«Менің Қазақстаным» пойызы» акциясы еліміздің 29 стансасында көрсетілетін игі істерге арналған.
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы қарсаңында біз пойызды қайта қарсы аламыз. Барлық қоғамдық қабылдауларда Мәжіліс депутаттары тұрғындардың өзекті деген мәселелері бойынша жауап береді. Ал, этномәдени бірлестік өкілдері акция аясында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне және жастарға Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы туралы айтып береді. Әрбір кездесу – ірі әлеуметтік жоба»,-деді Н.Калашникова.
Оның сөзінше, акцияның негізгі идеясы қоғамдық келісім қалыптастыруға негізделген. «Пойыз жүретін барлық 29 стансадағы кездесулер мен іс-шараларға 1 миллионға жуық адам қатысады деген ойдамыз»,-деді Н.Калашникова.
Естеріңізге сала кетейік, «Менің Қазақстаным» пойызы» 30 күндік сапарында 29 елді мекенде болып, 22-ші сәуір күні Астанаға келеді.
Оның аясындағы іс-шараларда тұрғындарға көптеген мәселелер бойынша ақыл-кеңестер беру көзделген. Акция елдегі этникааралық келісім мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал етеді. Ал қандай да бір бағыт бойынша нақты көмек көрсету, сапалы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі өзінің нәтижесін береді. ҚХА-ы жылына арналған «Менің Қазақстаным» пойызы» акциясы биыл өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы сияқты даталар бойынша атқарылатын шараларға тың серпін береді.
Камила Амирова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды