• Басты
  • «Менің Қазақстаным» пойызы» акциясының аясында этникааралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің таныстырылымы болады
23 Наурыз, 2015 17:13

«Менің Қазақстаным» пойызы» акциясының аясында этникааралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің таныстырылымы болады

Бүгін Астанадан жолға шыққан «Менің Қазақстаным» пойызы» республикалық акциясы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған ең үлкен акциялардың бірі.
«Менің Қазақстаным» пойызы» акциясының аясында этникааралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық  үлгісінің таныстырылымы болады

Акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму, Әділет, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері мен ғылыми және шығармашылық интелегенция мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.   

«Акция аясында Н.Ә.Назарбаевтың этникааралық төзімділік пен қоғамдық келісім үлгісінің таныстырылымы жасалып, осы мәселе бойынша, семинарлар, тренингтер өтіп, түрлі топтардағы тұрғындарға ақыл-кеңестер беріледі. Сондай-ақ, мәдени-бұқаралық шаралар да ұйымдастырылып, КВН командаларының қойылымдары көрсетіліп, қазақстандық өнер майталмандарының концерті өтеді.  Бұған қоса Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері тарапынан ұйымдастырылған «Теңдесссіз байлық»-«Бесценный дар» атты қайрымдылық акциясы ұйымдастырылады. Оның аясында пойыз өтетін қалалар мен елді мекендердегі кітапханаларға кітаптар таратылады», деп хабарлайды «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі.   

Акция аясында мерекелік концерттер ұйымдастырылып, онда Н.Нүсіпжанов, Е.Хасанғалиев, С.Тыныштығұлова, А.Қоразбаев, Р.Рымбаева, М.Жүнісова сынды  майталмандар өнерлерін ортаға салады.  Сондай-ақ акция барысында тұрғындарға көптеген мәселелер бойынша ақыл-кеңестер беріледі. Мысалы, Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері, 160-тан астам атаулар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат ақпарат берсе,  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілгінің өкілдері түрлі аурулардың  емдеу жолдары туралы кеңес береді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы, оралмандарды бейімдеу, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік жеңілдіктер сияқты өзге де көптеген әлеуметтік мәселелер назарда болады.     

Білім және ғылым министрлігі жұмыспен қамту мен кәсіпкерлік мәселесі бойынша семинар-тренингтер өткізеді.

«Акция аясында мектеп түлектерімен кездесу өтіп, еліміздің ғылыми-техникалық саясаты, жастар мен мектеп оқушыларын ғылымға тарту сияқты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғам өкілдерімен экология мәселесі мен өзге де тақырыптар бойынша пікір алмасылады»,-делінген хабарламада.

Акция аясында жастардың еңбек отрядтарының «Жасыл ел» еңбек науқаның ашылу рәсімі қарастырылған. Сондай-ақ аудандардың ең үздік деген және түрлі деңгейлердегі педагог-мамандардың байқауларының жеңімпаздары атанған азаматтармен кездесулер ұйымдастырылады.  

Барлық елді мекендерде «Менің елім – Мәңгілік ел!» тақырыбында  фото және кітап көрмелері ұйымдастырылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бейтбітшілік пен келісімге арналған «Баға жетпес байлық» атты кітап тарату акциясын өткізеді. ҚХА-ы жылына арналған «Менің Қазақстаным» пойызы» акциясы биыл өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы сияқты даталар бойынша атқарылатын шараларға тың серпін береді деп күтілуде.

Пойыз өтетін Сарыөзек стансасында Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған  «Менің Шоқаным»-«Мой Чокан» атты жоба іске қосылса, Үштөбе ауылында «Тарихтан тығылым – өткенге тағзым» -  «Память во имя будущего» атты саяси репрессия құрбандарына арналған жобаның тұсауы кесіледі. Ал Семей қаласында Абайдың 170 жылдығына арналған «Абаймен кездесулер»-«Абаевские встречи» шарасы ұйымдастырылады. Акция Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «Менің Қазақстаным» атты концертпен аяқталады. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды