- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА-ның жылына байланысты «Менің Қазақстаным» пойызы жолға шықты (ФОТО)
ҚХА-ның жылына байланысты «Менің Қазақстаным» пойызы жолға шықты (ФОТО)
«Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы бірлік пен ынтымақтың, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының 1 жылға толған кезі. Соңғы 1,5 жылдың өзінде ғана Қазақстанда бейбітшілік пен келісім мәселесі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 20 мемлекеттің өкілі болып қайтты. Бейбітшілік пен келісім бүгінгі таңда күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі»,-деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов.
Кең ауқымды әлеуметтік акцияның басты мақсаты-Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру, «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясын насихаттау, мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыру, тұрғындарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау бойынша ақыл-кеңестер беру.
«Менің Қазақстаным пойызы» 30 күндік сапарында еліміздің аймақтарындағы 29 елді мекенінде болып, Астанаға 22-ші сәуір күні келеді. Пойыз қызметі барлық әлеуметтік топтағы азаматтарды қамтитын болады. Олар әсіресе әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еліміздің шет аймақтарда орналасқан тұрғындарына көбірек көңіл бөледі.
Пойызда мәдениет пен спорт майталмандары, медицина қызметкерлері, әлеуметтік сала қызметкерлері мен банк өкілдері бар. Осы күні және осы акция аясында Астана стансасынан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қатысуымен «Саламатты Қазақстан» атты тағы бір пойыз жолға шығады. Ол пойыздың қызметі еліміздің шет аймақтарында орналасқан стансалар мен разъездердегі тұрғындарға заманауи медициналық қызмет көрсету. Яғни осы пойыздан мыңдаған адамдар денсаулық жағдайын тексертіп, ем алып, қажетті ақыл-кеңестер алатын болады. Тап осындай мақсатпен «Алматы» мен «Ақтөбе» стансаларынан батыс және оңтүстік өңірлерге «Денсаулық» жэәне «Жәрдем» атты екі «денсаулық пойызы» шығады.
Камила Амирова
Фото Азамат Алиев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Абай жылының айшықты тұстары -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты -
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды -
Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
-
Сайлау-2021: Еxit poll нәтижесі шықты