- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Наурыз мейрамына 100 мыңнан астам адам қатысты
Алматыда Наурыз мейрамына 100 мыңнан астам адам қатысты
Қала әкімі Ахметжан Есімов шаһар тұрғындарын ежелгі мерекемен құттықтап, оларға бақыт пен шаттық тіледі. Алматы әкімі халықтың бірлігі мен ынтымағының және өзара түсіністігінің аса маңызды құндылық болып табылатындығын атап өтті.
«Көктемнің шуақты күндерінің бірінде келетін аталмыш мереке – табиғат ананың оянатын уақыты, адамзат баласының осы табиғаттың алдында басын иіп, оның ұлылығына тамсанатын мейрам және ол жаңа жылдың, жаңа өмірдің бастауы. Біздің елімізде ол Қазақстанда өмір сүретін барлық халықтар мен ұлттардың ерекше атап өтетін мерекелерінің біріне айналды. Бұл мереке – біздің полиэтникалық, көпконфессионалды қоғамымыздың рухани және мәдени тұрғыда дамуына өлшеусіз үлес қосады»,-деді А.Есімов.
Сондай-ақ ол сөзінде Наурыз мерекесінде ерекше атап өтетін жаңалықтардың бірі ретінде орталық мәдениет пен демалыс саябағының мемлекет иелігіне қайтарылуын атап өтті.
«Бүгін біз Наурыз мерекесін ерекше қуанышты жағдайда атап өтіп отырмыз. Өткен жылы біз мәдениет және демалыс саябағын қайта жөндеп, абаттандырдық, 2 мыңнан астам ағаштар мен тал-тарақтар, гүлдер отырғыздық. 350 орынға арналған ыңғайлы көлік тұрағын жасадық. Бұл бағыттағы жұмыстар орталық паркте биыл да жалғасатын болады»,-деді қала әкімі.
Бұған қоса шаһар басшысы 2015 жылы атқарылатын Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын арналған шаралар туралы айтып өтті. Мерекелік шара әйгілі өнер майталмандарының қатысуымен өткен концертке ұласты. 30 киіз үй тігіліп, оның айналасында шеберлер жәрмеңкесі өтіп, наурыз көже мен палау, бауырсақтар таратылды. Шығармашылық ұжымдар әртүрлі халықтардың билері арқылы Қазақстанның әралуандылығын паш етті.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті