- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Ахметов: Наурыз – қазақстандықтардың бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарады
Д.Ахметов: Наурыз – қазақстандықтардың бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарады
Шығыс Қазақстан облысының Ақпарат орталығынан хабарланғанындай, адамзаттың өміріндегі ең ежелгі мерекелердің бірін атап өтуге арналған салтанатты шарада салт-дәстүрлердің барлық түрлері көрсетілді. Орталық алаңда 20-ға жуық киіз үй тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Ең мықты палау басу бойынша байқау ұйымдастырылып, ағаш өнері шеберлерінің туындылары тамашаланды. Онда «Ара-шоу» байқауына қатысушылар көктем мерекесі мен «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысты мүсіндер жасады.
«Көпұлтты тәуелсіз Қазақстанда Наурыз мерекесі бейбітшіліктің нышаны іспеттес болып кеткен және ол қазақстандықтардың бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Осы бір жарқын мереке әрбір отбасына бақыт пен қуаныш әкелсін»,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
ШҚО-да Наурыз мерекесі 25-ші мамырға дейін тойланады. Мерекенің бағдарламасы бойынша, әлеуметтік бағамен сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, концерттік қойылымдар мен облыс орталығына қарасты барлық шағын аудандарда түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Қорыта айтқанда, жалпыхалықтық Наурыз мерекесі барлық ұлттарды ұйыстыратын үйлесімділіктің мерекесі болды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі