- Басты
- Жаңалықтар
- Наурыз - қазақстандық қоғамның бірлігінің, жетістігінің, түсіністік пен тұрақтылығының белгісі – С.Кулагин (Фото)
Наурыз - қазақстандық қоғамның бірлігінің, жетістігінің, түсіністік пен тұрақтылығының белгісі – С.Кулагин (Фото)
Өңір басшысы мерекенің ерекшелігін атап өтіп, наурыздың ғасырлар қойнауынан бастау алатындығын айтты. Наурыз бүгінде қазақстандық қоғамның бірлігінің, жетістігінің, түсіністік пен тұрақтылығының белгісіне айналған. Бүгінде жұмыссыздықты барынша азайту, халықтың әл-қуатын арттыру, ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнесті дамыту, қалалар мен ауылдардың бейнесін жақсарту, білім және дәрігерлік қызмет сапасын арттыруға біздің облысымызда көп жұмыстар жасалуда дей келе, Сергей Кулагин Елбасымыз, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бұл мерекелік даталар қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты етеді» деген сөзін тілегіне арқау етті.
«Осы мезетте еріктілер тілек білдіруші қала тұрғындарына тегін «Наурыз көже» мен бауырсақтар таратты. Сый-тағам тартылып біткеннен кейін іс-шара «Қара жорға» биінің жаппай орындалуымен аяқталды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, орталық алаңда кигіз үйлер тігілді. Кигіз үйлер қалашығындағы 8 қараша үйдің 2-еуі Қазақстан ҚХА-сына тиесілі болатын, қалғандары қаланың өзге де мекемелері мен ұжымдарынікі еді. Әр кигіз үйге кез-келген қала тұрғыны кіріп мерекелік дастарханнан ауыз тиді. Әр кигіз үйде қала ұжымдары мен мекемелерінің жетістіктерінен хабар беретін қабырғалық стендтер ілінген.
Атап өту керек, осы күні орталық саябаққа кіре берісте қазақша күрес, гір спорты, дартс, каратэ, тоғызқұмалақ және спорттың өзге де түрлері бойынша спорттық-жаппай іс-шаралары ұйымдастырылды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер