- Басты
- Жаңалықтар
- Астана халқы Наурыз мейрамын тойлауда (ФОТО)
Астана халқы Наурыз мейрамын тойлауда (ФОТО)
Қаланың басты алаңы Қазақ елінде бұқаралық мерекелік шаралар өтуде. Қала тұрғындарының назарына би, күй, театрлық қойылымдар ұсынылуда.
Наурыз – тек табиғаттың ояну мерекесі ғана емес, ынтымақ пен бірліктің белгісі. Дәл осы құндылықтар мемлекет тұрақтылығының нышаны болып саналады.
Айта кетейік, осыған дейін Елбасы «Наурыз – нұрлы жол» мерекелік шарасын тамашалаған болатын.
Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
«Күн шуағын өзімен ала жүретін Наурыз мейрамымен құттықтаймын.Біздің тарихымызда бірнеше жүз жылдан бұрын атап, көктемнің алғашқы күнінде ағайындар бір-бірімен қауышып, туысқандар бірін-бірі қыстан шығып көріп, барлық орын алған жаманшылықтарды кешіріп, бірі-біріне көмектесіп, наурыз көже үлестіріп жататын мереке құтты болсын», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мықты, әрі тұрақты елге айналғандығын атап өтті.
«Біз еліміздің ақ тілекпен, бірлікпен тәуелсіздігін орнаттық. Қазақстанды дүниежүзіне белгілі мемлекет жасадық. Қандай қиын-қыстау заман болса да бірге болып, бірлігімізден ажырамай алға басып келе жатырмыз. Еліміз көркейді, ел ордасы - халықтың, мемлекеттің жүрегі - бүкіл дүниежүзіне белгілі болды. «Нұрлы жол» бағдарламасы да қиындықтарға арналған жауап. Біздің болашағымыз осы бағдарламаны орындау арқылы одан әрі гүлдене түседі. Осының барлығын елдің бірлігі, сенімі өте қажет. Сондықтан осы жолдан таймай, осы саясатымызды жүргізетін болсақ, Қазақстан болашақта мұнан да көркейіп, халдықтың жағдайы бұдан да зор болады. Табысты болайық, аман болайық. Наурыз қуаныш, бақыт береке алып келсін!», - деді Елбасы.
Камила Амирова
Фото Азамат Алиев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
ДДҰ: Әлем халқының 10%-дан азында коронавирусқа қарсы антидене бар