• Басты
  • Жалағашта өсімдік шаруашылығының инновациялық әдістері енгізілуде
24 Наурыз, 2015 15:13

Жалағашта өсімдік шаруашылығының инновациялық әдістері енгізілуде

«Биыл «Жаңадария» ауылына қарасты «Бестам» учаскесінде тамшылатып суару әдісімен картоп және бау-бақша дақылдары егіледі. Аталмыш жобаны, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпарациясымен бірігіп «Қазына», «Қожық Ата» шаруа қожалықтары ұйымдастырып отыр», делінген хабарламада. Сонддай-ақ биыл «Бестам» учаскесіне 100 га жерге бақша егістері егілмекші. Оның ішінде 80 гектарға қауын-қарбыз, 20 гектарға картоп егу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 300 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен егілетін картоп орналастырмақшы. Ал «Мақпалкөл» ауылдық округіндегі «Ер Әлі» шаруа қожалығы МАРА, НОВАК лазерлік жер тегістеуіш агрегатымен жұмыс істеуде. Жаңа құрылғы егістіктегі зиянкестерді тамырымен жойып, мол өнім алуға септігін тигізеді. Бұл техникалардың көмегімен қазіргі таңда 486 гектар аумақ тегістелген. Облыс әкімі іссапар басында «Таң» ауылдық округінде орналасқан «Таң ЛТД» серіктестігінің жаңадан құрылған тұқым шаруашылығында да болды. Жыл сайын мың гектар жерге күріш орналастыратын серіктестік былтыр облыста бірінші болып «Бораншы» учаскесінде 10 гектар жерге тамшылап суару арқылы картоп егу жұмыстарын жүргізді. Аталмыш жұмыстары нәтижесіз болған жоқ. Биылда тамшылатып суару әдісін қолданып мол өнім алмақшы. Сапар барысында аймақ басшысы мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, алдағы сынақтан сүрінбей өту үшін дайындықты пысықтай түсу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың жұмысын көріп, тұрғындармен кездесті.

Жалағашта өсімдік шаруашылығының инновациялық әдістері енгізілуде | Strategy2050.kz

«Биыл «Жаңадария» ауылына қарасты «Бестам» учаскесінде тамшылатып суару әдісімен картоп және бау-бақша дақылдары егіледі. Аталмыш жобаны, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпарациясымен бірігіп «Қазына», «Қожық Ата» шаруа қожалықтары ұйымдастырып отыр», делінген хабарламада.

Сонддай-ақ биыл «Бестам» учаскесіне 100 га жерге бақша егістері егілмекші. Оның ішінде 80 гектарға қауын-қарбыз, 20 гектарға картоп  егу   жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 300 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен егілетін картоп орналастырмақшы. Ал «Мақпалкөл» ауылдық округіндегі «Ер Әлі» шаруа қожалығы МАРА, НОВАК лазерлік жер тегістеуіш агрегатымен жұмыс істеуде. Жаңа құрылғы егістіктегі зиянкестерді тамырымен жойып, мол өнім алуға септігін тигізеді. Бұл техникалардың көмегімен қазіргі таңда 486 гектар аумақ тегістелген.

Облыс әкімі іссапар басында «Таң» ауылдық округінде орналасқан «Таң ЛТД» серіктестігінің жаңадан құрылған тұқым шаруашылығында да болды.   Жыл сайын мың гектар жерге күріш орналастыратын серіктестік былтыр облыста бірінші болып «Бораншы» учаскесінде 10 гектар жерге тамшылап суару арқылы картоп егу жұмыстарын жүргізді. Аталмыш жұмыстары нәтижесіз болған жоқ. Биылда тамшылатып суару әдісін қолданып мол өнім алмақшы.  

Сапар барысында аймақ басшысы мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, алдағы сынақтан сүрінбей өту үшін дайындықты пысықтай түсу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың жұмысын көріп, тұрғындармен кездесті.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды