- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Наурыз мейрамын тойлауға атсалысуда
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Наурыз мейрамын тойлауға атсалысуда
Мәдени-бұқаралық іс-шараларға қоса, елорда тұрғындары мен қонақтарына алда келе жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі туралы қызықты деректер туралы білуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұл үшін елорданың негізгі іс-шаралары өтетін Астана қаласының алаңында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ақпараттық стенді орнатылды.
«Ұлттық компания елорда қонақтары мен тұрғындарына арнап саналуан бағдарламаны дайындады, театрлендірілген шоу, сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық Ансамблі солистерінің өнер көрсетуі оның ең қызықты бөліміне айналды. Дәл осында ЭКСПО-2017 логотипіндегі бейнеленген сарғылт, көк және жасыл үш түсте 100-ден аса әуе шары таратылды. Балдырған көрермендерге арнап аквагрим бойынша сеанстар ұйымдастырылып, суретшілер балақайларды олардың сүйікті ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне ұқсатып, беттеріне бояу салып берді», - делінген хабарламада.
Осы күні алаңда өткізілген мерекелік байқауға және сұрақ-жауап сайысына қатысқан әрбір жеңімпаз бен белсенді қатысушы «Астана ЭКСПО-2017» атынан Халықаралық мамандандырылған көрменің бейнелемесі бар естелік жүлделермен және сыйлықтармен атап өтілді.
Сонымен қатар, қалаған адам ЭКСПО-2017 көрмесінің арнайы бренд-аумағында алда келе жатқан көрме туралы егжей-тегжейлі ақпарат ала алды. Осы аумақта көрме нысандарының құрылыс қарқыны мен дайындық барысы туралы бейнероликтер көрсетіліп, сондай-ақ, тақырыптық павильондар дизайнының таныстырылымдары өтті.
«Астанадағы алда келе жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі – бұл жаһандық ауқымдағы оқиға. ЭКСПО – бұл ойын-сауықтық және оқу-ағартушылық мәні бар іс-шара. Бірінші кезекте, ол біздің республикамызға алғаш рет келіп, елімізде тұрып жатқан барлық халықтардың саналуан мәдениетімен және дәстүрімен танысатын шетелдік қонақтарға арналған. Біз 2017 жылы көрмені өткізу кезінде Наурыз мейрамын тойлаумен байланысты дәстүрлерімізбен де оларды таныстыруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Салтанат Рақымбекова.
-
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Ораза айт мейрамын қалай өткізу керек -
Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады -
Карантин.30-наурыздан бастап қала ішіндегі шектеу қатаңдатылды (ВИДЕО) -
Коронавирус. 26-наурызда 109 жағдай расталды -
Дональд Трамп Қ.Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамымен құттықтады