- Басты
- Жаңалықтар
- «Батыр арулар» байқауына қатысушылар астаналықтарға арнап ерекше акция өткізді (Фото)
«Батыр арулар» байқауына қатысушылар астаналықтарға арнап ерекше акция өткізді (Фото)
«Mега Астана» сауда ойын-сауық орталығының екінші қабатында батыр аруларымыз астаналықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Дәстүр бойынша бұл күні әр үйде мерекелік дастархан жайылады. «Батыр арулар» байқауына қатысушылар мерекелік дәстүрді сақтай отырып, сауда ойын-сауық орталығына келушілерге бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдардан дәм ұсынды.
Сондай-ақ, ҚР Қарулы Күштердің атынан Наурыз мейрамымен құттықтаған естелік хаттарын таратты. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша әскери қызметші қыз-келіншектер арасында «Батыр арулар» байқауы өткізілуде. Оның аясында дауыс беру нәтижесі бойынша ҚР Қарулы Күштердің кәсіби түріне қарай 12 үздік әскери қыз-келіншек анықталады.
Жеңімпаздар 2016 жылға арналған "Батыр арулар" арнайы күнтізбесіне шығару үшін кәсіби фотосессияға қатысуға мүмкіндік алады.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Ұлағатты ұстаз, білікті ғалым және ерекше тұлға -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
«Спутник V» VS «QazVac»: Вакциналарды өндiру ерекшелiктерi мен тәсiлдерi -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды