- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордалықтар Ұлыстың ұлы күнін тойлауда (Фото)
Қызылордалықтар Ұлыстың ұлы күнін тойлауда (Фото)
Орталық алаңға тігілген 20-ға жуық қара үйде салт-дәстүр жаңғыртылып, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Жастар жағы қыз бен жігіт айтысын жасап, жарапазан айтса, жергілікті өнерпаздар сахналық көрініс арқылы жаңа жылдың басталғанын айшықтайтын көріністер көрсетті. Өңір басшысы жиылған жұртшылықты Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
« Күн мен түн теңесетін, өмірдің жылы лебі есетін, дүние ерекше өзгеретін, Жер ана өзгеше күйге енетін, ырыс пен берекенің, ризық пен несібенің бастауындай болған Әз Наурыз құтты болсын. Бүгінде Наурыз көп ұлтты халқымыздың сүйікті мейрамына айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды. Өткен жылға өкпе жоқ, келер күннен үміт көп. Дегенмен, былтырғы жыл облыс үшін табысты жыл болды. Сыр диқандары екі жыл қатарынан рекордтық көрсеткіште өнім жинады. Экономиканың әр саласында өсім бар. Күні кеше «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасы Қазақстанның даму көрсеткішін бір ғана Қызылорда облысының жетістіктерінен қарап бағалауға болады деді. Бұл біздің аймақ үшін берілген үлкен баға,- дей келе, облыс әкімі әрбір шаңыраққа береке мен молшылық тіледі.
Сыр жұртшылығы жетi түрлi дәмнен жасалған наурыз көжеден дәм татты. Төс қағыстырып, амандық сұрасты. Алаңға келген қала тұрғындары мен қонақтары қазақша күрес, арқан тарту, асық және жамбы ату, гір тасын көтеру, қол күрес секілді жарыстарға белсене қатысып, тігілген жүлделерді ұтып алды.
Айта кетейік, Наурыз мейрамына арналған мәдени-бұқаралық шаралар облысымыздың барлық аудандарында кең көлемде атап өтілуде.
1111111111111111111
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
Ұлы Отан соғысы ардагерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді