- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Наурыз қарсаңында бірден 4 жаңа бала бақша ашылды
Алматыда Наурыз қарсаңында бірден 4 жаңа бала бақша ашылды
Қала басшысы бала бақшалардың ашылуы жергілікті тұрғындардың мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне деген сұранысын қанағаттандырады деп атап өтті. №132 бала бақша 3 пен 7 жас аралығындағы балаларды қабылдауға дайын.
Бала бақшаның екі қабатты нысаны типтік жоба бойынша бір жылға жетпей салынып біткен болатын. Ол 6 топқа арналған, соның біреуі - дайындық тобы.
«Бала бақша жақсы. Қазіргі заманға лайық, ойын бөлмелері бар, барлық талаптарға сай. Мұнда балалардың дамуы мен білім алуы үшін қажетті нәрсенің бәрі бар», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Қала басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қалада балаларды мектеп жасына дейінгі біліммен қамтуға айрықша назар аударылатынын еске салды. Мысалы, Алматыда жыл басынан бері 2015 жылға жоспарланған 17 бала бақшаның 12 пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табады деді әкім.
«Бүгін 4 жаңа бала бақша ашылды. Осы жұмыстың арқасында біз мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің жетіспеушілігін азайтамыз», - деп қорытындылады сөзін Ахметжан Есімов.
Назарларыңызға, Алматыда соңғы алты жыл ішінде 37 жаңа бала бақша салынып, пайдалануға берілді және мектеп жасына дейін білім беретін 7 нысан коммуналдық меншікке қайтарылды.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген