- Басты
- Жаңалықтар
- Таиландтың буддистік ұйымдары қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісін зерттеуді көздеп отыр
Таиландтың буддистік ұйымдары қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісін зерттеуді көздеп отыр
Кездесу барысында буддистік университетінің ректоры Елбасы Н. Назарбаевтың сөзсіз еңбегі мен халықтың оның жүргізіп отырған саясатына терең сеніміне негізделген Қазақстанның этноаралық және ұлтаралық келісім саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады.
Таиландтың буддизм өкілдері ҚР Президентінің бастамасы бойынша ұйымдастырылған Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі жұмысына үнемі қатысады. Ректордың пікірі бойынша, Қазақстанның этноаралық тұрақтылығы мен төзімділігі көптеген елдер үшін айқын үлгі болып табылады.
Қазақстандық дипломат ректорды 2015 жылдың мерейтойлық күндері – ҚР Конституциясының 20 жылдығы және ҚР Президентінің бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Елші Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының арқауы барлық ұлт, мәдениет пен конфессиялардың ауызбірлігі мен шоғырлануына негізделген көпұлтты мемлекетіміздің әрі қарай демократиялық дамуы екендігін атап өтті.
Қазақстан мен Таиланд дінаралық және мәдениаралық диалогты дамыту саласындағы ынтымақтастыққа зор мән береді. Махачулалонгкорнраджавидьялая университетінің ректоры Қазақстанның жүргізіп отырған саясатын атап өтіп, Таиланд үкіметіне түрлі конфессия өкілдері арасында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету және өзара түсіністік ахуалын сақтаудағы қазақстандық тәжірибені қабылдауды ұсынды.
Аталған саладағы өзара мүдделерді әрі қарай ілгерілету мақсатында П. Брахмпундитке ҚР Парламенті Сенатының спикері – Съез Хатшылығының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атынан ү.ж. 10-11 маусымында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысу үшін реми шақыру хаты тапсырылды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы