- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық қорғаныс университеті мен ҚМЭБИ бірлескен меморандумға қол қойды
Ұлттық қорғаныс университеті мен ҚМЭБИ бірлескен меморандумға қол қойды
Бастапқыда құрамы он адамнан тұратын тыңдаушылар тобы белгіленді. Бірлескен даярлықтармен қатар, ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлауды ұйымдастыру, екі жоғарғы оқу орны бөлімшелерінің оқу-жаттығу және ғылыми-зерттеу базаларында профессорлық-оқытушылық құрамды, магистранттар мен докторанттарды тағылымдамадан өткізу, сондай-ақ ақпарат және кітапхана ресурстарымен алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Осы іс-шара екі жоғарғы оқу орнының арасындағы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум арқасында іске асып отыр. Жоғарғы әскери оқу орнының бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев атап өткендей, осы іс-шара арқылы еліміз Қарулы Күштері үшін жоғары білімнен кейінгі әскери кадрлар даярлығының үйлестірушісі ретінде университеттің мәртебесі артып отыр.
Бүгінгі таңда Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің (Ресей, Беларусь, Украина, Чехия, Түркия және басқалары) 18-ден астам әскери және азаматтық жоғарғы оқу орындарымен әскери іс және әскери ғылым саласындағы ынтымақтастығы жолға қойылған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері