- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада Наурыз мейрамына орай мамандандырылған ХҚКО ашылды (Фото)
Қызылордада Наурыз мейрамына орай мамандандырылған ХҚКО ашылды (Фото)
«Елбасымыз «Бүгінгі таңда еліміздің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі – әлеуметтік-экономикалық жаңғырту және қазіргі заманға сай әлеуметтік мемлекет құру» деген болатын өз жолдауында. Міне, бүгін біз халыққа қызмет көрсетудің болашағын баянды ету жолында тағы да бір бірегей орталықты іске қосқалы отырмыз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев ашылу салтанатында.
Мамандандырылған ХҚКО-да құжаттарды рәсімдеу үшін шамамен 60 инспектор, ішкі істер, салық департаментінің қызметкерлері жұмыс істейді. Олар күнделікті электрондық кезек тәртібімен 400-ден астам адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар.
Мұнда жүргізу куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру процесі толығымен автоматтандырылған. Көліктерге зияткерлік автодром орнатылған, ол арнайы датчиктермен, ал автомобиль бағаны өз бетінше қоятын, көлікті басқару дағдыларын электрондық бағалау жүйесімен жабдықталған.
Сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО ғимаратында емтихан сыныбы, реттеу залы, жол полициясы қызметкерлерінің, нарколог және психиатр дәрігерлерінің, медициналық тексеруден өткізетін медицина қызметкерлерінің кабинеттері, көлік құралдарын тіркеу куәліктері мен жүргізуші куәліктерін дайындауға арналған үй-жай, дайын құжаттарды беру секторы бар.
Бұдан басқа, қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін, өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда автомобильге сенімхатты тіркеуді, жол қауіпсіздік ережелерінің айыппұлдарын, көлікке салықты өтеуді, жүргізуші куәлігін алу және ауыстыруға мемлекеттік баж салығын төлеу сияқты барлық электрондық қызметтерді алуға болады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды