- Басты
- Жаңалықтар
- Италияда «Милан-Астана: ЭКСПО қарсаңында» атты конференция өтті
Италияда «Милан-Астана: ЭКСПО қарсаңында» атты конференция өтті
Қазақстанның Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов өз баяндамасында осы көрменің тарихында алғаш рет оның дамушы әлем мен мұсылман қоғамдастығын ұсынатын Қазақстанда өтетініне назар аудара отырып, Астана кандидатурасын қолдағандары үшін Италия өкілдеріне алғыс білдірді. Ол сондай-ақ көрменің «Болашақтың энергиясы» атты атауы қатысушыларға баламалы энергетика саласындағы жаңа зерттелімдерді көрсетуге және олармен танысуға жақсы мүмкіндік беретінін де атап өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы конференциясының қатысушыларды «ЭКСПО-2017»-ге дайындық барысы, сондай-ақ шарттары мен ұсынылып отырған қатысу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі ақпарат бере отырып, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің жобасын таныстырды.
Қазақстанның «Планетаны тамақтандыру. Өмірге арналған энергия» атты 2015 жылғы Милан көрмесіне қатысуынаа ерекше назар аударылды. Қазақстанның Италиядағы Елшісі ұсынылып отырған мүмкіндікті пайдалана отырып, іс-шараға қатысушылардың барлығын ЭКСПО-2015-ке арналған қазақстандық павильонды көруге шақырды.
Еліміздегі экономикалық даму мен инвестициялық мүмкіндіктерді қозғай отырып, дипломат қатысушыларды қалыптасқан ағымдағы жағдаймен және қазақстандық экономиканың даму перспективаларымен, ұлттық инновациялық әлеуетпен, Қазақстанда шетелдік бизнес үшін құрылып жатқан преференциялармен және Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру тұрғысындағы инвестициялармен таныстырды. А.Елемесов сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясында ашылатын ынтымақтастықты дамытуға арналған елеулі әлеуетті белсенді пайдалануға шақырды.
Шараға қатысқан қонақтар мен журналистерге ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», «Қазақстан-2050 стратегиясы» атты Жолдаулары таратылды, «EXPO-2017 «Future Energy» бейнефильмі көрсетілді, «ЭКСПО-2017» туралы итальян тіліндегі ақпараттық кітапшалар үлестірілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды