• Басты
  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында салынатын үйлерге 808 миллиардтан астам теңге жұмсалады
20 Наурыз, 2015 18:19

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында салынатын үйлерге 808 миллиардтан астам теңге жұмсалады

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында салынатын үйлерге 2020 жылға дейін 808 миллиардтан астам теңге жұмсалады, деп хабарлайды ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Николай Логутов.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында салынатын үйлерге 808 миллиардтан астам теңге жұмсалады

«Бүгінгі таңда 2020 жылға дейінгі аралықты қамтитын «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы құрылған. Оның аясында тұрғын үй құрылысын салуға 808,6 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Сонымен қатар, құрылыс алаңдарын дамыту үшін жылу, газ, сумен қамтамасыз ету сияқты  коммуникациялық жүйелер жетілдіріледі»-деді Н.Логутов.

Бұған қоса оның сөзінше, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей қалаларында «Нұрлы жол» бағдарламасының аясындағы жалдамалы пәтерлер берілген. «Кезекте тұрған азаматтарға 1 мың 400-ге жуық пәтерлер берілді»,-деді депутат.   

Индира Кауметова

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды