- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы Наурыз мейрамын тойлады
Қызылорда облысында «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы Наурыз мейрамын тойлады
Құрылғанына 20 жыл болған «Шапағат» МБСО бугінге дейін 500-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балаларға түрлі медициналық-психологиялық және әдістемелік көмек көрсетті. Олардың денсаулықтарының оңалып, мұңданып емес, шаттанып жүрулеріне жан-жақты жағдай жасалған.
Бүгінде бұл мекемеде диагноздарына қарай 4 топта 50-ге жуық мүгедек бала тәрбиеленуде. Аталмыш оқыту, сауықтыру орталығы 2001 жылдан бастап аймақтағы жетекші мұнай өндіру компаниясы - «ПҚҚР» АҚ демеушілігімен өз жұмысын жандандырып келеді.
«Биыл біздің орталыққа 20 жыл толса, соның 15 жылында «ПҚҚР» компаниясының шарапатын көріп келеміз, - дейді «Шапағат» сауықтыру орталығының басшысы Шынар Жеңсікбаева. – 2001 жылдан бастап қызметкерлердің жалақысы, балалардың тамағы, коммуналдық шығындар, барлығы «ПҚҚР» АҚ атсалысуымен толықтай шешіліп отыр. Мұнайшыларға осы үшін де алғысымыз шексіз.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жергілікті «Жас Орда» жастар қоғамдық ұйымы орталыққа арнайы концерттік бағдарламамен келіп, қамкөңіл балаларға қуаныш сыйлады. Балғын өнерпаздар ән салып, түрлі замануи би билеп, мерекенің көрігін қыздыра түсті.
«Шапағатта» атқарылып жатқан жұмыстарға, іс-шараларға біз де ұйтқы болып, көмек беріп тұрамыз. – дейді Қазалының «Жас Орда» ЖҚБ мүшесі Светлана Мыңжасарова.
Ертеңгілік барысында шараға қатысушылар ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын қойылымды сахналады. Халық әндерін шырқап, «Қара жорға» биімен көрермендердің көңілін сергітті.
«Ақ мол болсын!» - деп тілек айтып, ұйымдастырушылар ертеңгілікке келушілерге ағарған ұсынып, Наурыз көже таратты. Ал «ПҚҚР» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімінің менеджері Хусаин Сарсембаев компания атынан Ұлық мерекеге орай «Шапағат» тәрбиеленушілеріне түрлі тәттілер мен ойыншықтар тарту етті.
«Арманы асқақ балаларымызға осындай думандатып, мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшн «Жас Орда» ЖҚБ-не, сый-сияпатымен, ойыншықтарымен балалардың жүзіне қуаныш ұялатқаны үшін «ПҚҚР» мұнай компаниясына мың да бір рахмет, - дейді ата-ана Мақсат Орынбасар.
Еліміз тәуелсіздік алып, егемен ел атанған тұста іргесі қаланған «Шапағат» оңалту орталығы - балаларды сауықтырумен қатар, оларға білім беріп, келешегіне сеніммен қарайтындай етіп тәрбиелеп келе жатқан іргелі шаңырақ. Қызметкерлерінің айтуынша, орталық алдағы уақытта да өз жұмысын ізденіспен жетілдіріп, көпшіліктің алғысына бөлене бермек.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда