- Басты
- Жаңалықтар
- «Шығыс» ӨңҚ әскери қызметшілері «ауғандық» жауынгерлер отбасын наурыз мейрамымен құттықтады
«Шығыс» ӨңҚ әскери қызметшілері «ауғандық» жауынгерлер отбасын наурыз мейрамымен құттықтады
Семей гарнизонында орналасқан «Шығыс» өңірлік қолбасшығына қарасты 44793 әскери бөлімінде осы игі дәстүр қолдау тапты. Бөлім командирі подполковник Дәурен Заданов майор Владимир Отрощенконың артында қалған жұбайын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, алғысын білдірді.
«Менің күйеуім Семей қаласындағы артиллерия полкінде қызмет етті, әскери қызметшілердің дене даярлығымен айналысты. Ауғанстанға аттанып, 1981 жылы Шинданта қаласында жауынгерлік операция орындау барысында қаза тапты» - деп Татьяна Отрощенко әңгімелеп берді. Біздің көптеген отандастарымыздың тағдыры Ауғаныстандағы соғыспен тығыз байланысты. Оларға деген деген біздің ықыласымыз бен қолдауымыз, өмірін соғыс жалмаған әрбір туысы, жақындары мен таныстары туралы естелік аса маңызды.
«Даңқты офицерлеріміз мен сарбаздарымыздың қаһармандығы біздің есімізде. Тіпті қанша жылдар өтсе де олардың ісі ерлік пен батылдық үлгісі болып қала береді. Олар біздің Отанымыз үшін жауапкершілік сезімін, әрбіріміздің оны қорғау жөніндегі маңызды мемлекеттік міндетті орындап жүргеніміз туралы түсінікті оятады», - деп подполковник Дәурен Заданов атап өтті.
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 26 жыл толып отыр. Аман-есен елге оралған «ауғандық» жауынгерлер бүгінгі таңда әскери қызметшілердің ерліктерінен өнеге алатын қазақстандық өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге ат салысып, белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады