- Басты
- Жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстанда Индустрияландыру картасына тағы үш жоба енгізілді
Солтүстік Қазақстанда Индустрияландыру картасына тағы үш жоба енгізілді
«Алдағы алқа мәжілісініңі отырысында жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрайтын 7 жоба қаралып, мақұлданды. Енді бүгінгі кеңесте 115 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жалпы сомасы 832 млн теңгені құраған 4 жобаны қараудамыз», - деп атап өтті СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Үйлестіру кеңесінің отырысында.
Бірінші жоба Мәмлүк қаласында құрама жем зауыты мен май зауытының құрылысына бағытталған. Оның құны 607,2 млн теңге және 51 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Ал, «CERAMIC BM» ЖШС «Есіл ауданында керамикалық кірпіштер өндірісін ұйымдастыру» жобасын ұсынды. Оның жалпы құны 102,3 млн теңге және 35 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Әкімдіктен атап өткендей, біздің өңірімізде осындай зауытты ашу ол уақыт талабы, бүгінде бұл құрылыс материалына сұраныс өте жоғары.
Бұдан басқа, Үйлестіру кеңесінің қарауына рәзіңке өнімдерін өндіру үшін автомобильдің ескі дөңгелектерін қайта өңдеу зауытын ашу жобасы ұсынылды.
Келесі жобаны «Жүнүсов» ЖК таныстырды. Ол жылутиімді блоктор өндірісін кеңейтуді көздеп отыр. Жоба құны 7,4 млн теңге.
Айта кетерлік жайт, Үйлестіру кеңесінің мүшелері барлық жобалар бойынша өз ұсыныстары мен кеңестерін берді.
Кеңестің қорытындысы бойынша үш жоба Индустрияландыру картасына енгізілді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда