- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы «Қазхром» ТҰК» 850,0 млн теңгеге Ақтөбе облысының әлеуметтік жобалары қаржыландырады
2015 жылы «Қазхром» ТҰК» 850,0 млн теңгеге Ақтөбе облысының әлеуметтік жобалары қаржыландырады
Аталған меморандумға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен ERG S.a.r.l. компаниясының бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка қол қойды.
Өзара ынтымақтастық шартына сәйкес әлеуметтік даму жобаларын жүзеге асыруға 850,0 млн. теңге бөлінбекші. Оның ішінде кеншілер шаһары - моноқала Хромтауды көріктендіруге және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға 370,9 млн. теңге қарастырылады. Осы жоба аясында Хромтаудағы коммуналдық тұрғын үй құрылысы қамтылып, бірнеше балалар бақшасына күрделі жөндеу жүргізіледі, электрмен және сумен жабдықтау желілері жаңартылады. Сондай-ақ, көптен бері шешімін таппай келе жатқан қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салу қолға алынбақшы.
Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын көркейтуге және жаңғыртуға 177,5 млн. теңге бөлінеді. Сондай-ақ Алға балалар үйі де осы шараның игілігін көрмекші.
Биылғы жылы облыс аумағында өткізілетін әлеуметтік-мәдени және спорттық шараларды жандандыруға 300 млн. теңге бөлу көзделуде.
Осы шара барысындағы кіріспе сөзінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аталған компанияның аймақ экономикасын өрге бастырудағы орнын айырықша атап көрсетті.
Өткен жылы ғана Ақтөбе жаңа ферроқорытпа зауыты іске қосылды, ол Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген болатын, оның қуаттылығы жылына 440,0 мың тонна құрайды. Жаңа өндірістің ерекшелігі - жоғары көміртекті феррохром өндірудің инновациялық технологиясын енгізуді қарастырады,- деді ол. Ең бастысы, жаңадан 500 жұмыс орнын ашу мүмкіндігі туды.
«Еуразиялық топ әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене қатысудағы өз ұстанымына беріктігін бүгін тағы да көрсетіп отыр. Бізге қарасты кәсіпорындар жыл басында жұмыс орындарын сақтап қалу және өндірістік процестерді тұрақтандыру үшін жергілікті билік органдарымен және кәсіподақтармен үш жақты меморандумға қол қойған болатын. Біз Ақтөбе облысының басшылығымен өзара түсіністікте және берік ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз, бұл жақсы дәстүр алда да жалғаса түсетін болады деген сенімдемін»,- деді ERG S.a.r.l. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкеевич.
«Қазхром» ТҰК» АҚ құрамына енетін Қазақстандағы төрт ірі өндірістің екеуі – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Дөң тау-кен байыту комбинаты осы аймақта орналасқан.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді