• Басты
  • Ақтөбе облысында тіркелген ШОБ субъектісінің саны 64 мың бірлікті құрады
20 Наурыз, 2015 15:23

Ақтөбе облысында тіркелген ШОБ субъектісінің саны 64 мың бірлікті құрады

Ақтөбе облысында шағын және орта кәсіпкерлік барлық көрсеткіштер бойынша дамып отыр, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе облысында тіркелген ШОБ субъектісінің саны 64 мың бірлікті құрады

«2014 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 2013 жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға көбейіп, 63,9 мыңға жетті. Қазіргі кезде шағын және орта бизнесте 135,9 мың адам жұмыс істейді, өткен жылы 22,7 мың адам қосылған», - делінген хабарламада.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет түрлері көлемі 356,3 миллиард теңге құрады. Бюджетке 124,0 миллиард теңге салық және басқа төлемдер түсті немесе 2013 жылға қарағанда 7,5 пайызға өсті.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлікті қаржылай қолдау да жақсы жолға қойылды. Мәселен, бұл бағдарлама басталғалы 438 жоба мақұлданып, барлығы 53,8 миллиард теңге субсидия бөлінді. Ал өткен жылы 129 жоба мақұлданып, 7,8 миллиард теңге берілді. Жалпы құны 9,5 миллиард теңге құрайтын 110 жобаға қол қойылды.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 63 жоба бойынша кепілдік мақұлданып, 2,9 миллиард теңге несие берілді. Кәсіпкерлікті жаңадан бастағандар үшін кепілдік қайтарымсыз беріліп отыр.Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының «Жеке кәсіпкерлік инициативасын қолдау» бағыты бойынша бағдарламаны жүзеге асыру басталғалы 1429,0 миллион теңге бөлінді. 800-ден астам бағдарламаға қатысушы арзан пайызбен шағын несие алды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша да шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні Ұлттық қордан бөлінген 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Шағын бизнес өкілдерін қолдау мақсатында 10 жыл мерзімге 6 пайызбен несие берілді.

Бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыс кәсіпкерлері мен әлеуетті инвесторлар үшін жергілікті бюджет есебінен жалпы көлемі 1000 шаршы метр жай сатып алынды, мұнда кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлікті дамыту орталықтары орналасатын болады. Яғни «бір терезе» принципі бойынша кәсіпкерлерге құрылыс жүргізуге рұқсат алу, техникалық шарттар алу, жер учаскелерінің мәртебесін белгілеу және басқа мәселелер бойынша мамандар қызмет көрсетеді.

Кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі органдар өкілдері биылғы жылы атқарылатын жұмыстарға да тоқталды. Шағын және орта бизнесті дамыту, моноқалаларда бизнес-инкубатор ашу, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу секілді міндеттер жүзеге асырылады.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды