- Басты
- Жаңалықтар
- Түрік әскери қызметшілері қазақстандық әскери қызметшілердің біліктіліктері мен жауынгерлік дағдыларын жоғары бағалады
Түрік әскери қызметшілері қазақстандық әскери қызметшілердің біліктіліктері мен жауынгерлік дағдыларын жоғары бағалады
«Бақылау-тексеру жұмыстары ҰҚЫҰ әскери-саясат өлшемі аясындағы сенімділік пен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена шартының ережелеріне сәйкес жүргізілді. Түрік әскери қызметшілері қару-жарақ және әскери техникалардың басты түрлерімен, бригада инфрақұрылымы мен жеке құрамның тұрмысымен жете танысты». – делінген хабарламада.
Сондай-ақ оларға бөлімшенің міндеттері мен құрылымы туралы брифинг ұсынылды. Тексеру барысында түркиялық инспекторлар Қазақстан Вена шартының талаптарын толықтай орындайтынын мойындады. Бұл өз кезегінде мемлекетіміздің халықаралық шарттар мен келісімдер аясында алған міндеттерді мүлтіксіз орындайтындығының дәлелі.
Шетел инспекторлары қазақстандық әскери қызметшілердің кәсіби біліктіліктері мен жауынгерлік дағдыларын жоғары бағалады. Шетелдік инспекторлар тобын ҚР ҚМ Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың офицерлері алып жүріп, таныстырды.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Германия территориясында орналасқан бөлімдердің әскери қызметін тексеру бойынша іс-шаралар өткізген болатын. Тексерудің мақсаты - аталған аймақтарда (Берген, Мунстер-Норд және Мунстер-Зюд полигондарында) алдын-ала хабарлауға жататын әскери іс-қимылдың бар немесе жоқтығын тексеру.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді