- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда қалалық ортадағы қазақ тілінің мәселесі талқыланды
Алматыда қалалық ортадағы қазақ тілінің мәселесі талқыланды
Алматыда қалалық тілдерді тамыту басқармасының басшысы Мамай Ахетовтың қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысында қалалық ортадағы қазақ тілі проблемасы талқыланды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Отырыс барысында мәжіліске қатысушылар тарапынан жаңа – қазақ тілінің жарнамашысы мамандығын енгізу туралы ұсыныс түсті. Қатысушылардың пікірлерінше, аталмыш мамандық жарнама мәтіндерінің мемлекеттік тілге сапасыз аударылуынан құтқарады.
«Осы мәселенің шешімі ретінде біз қазақ тілінің жарнамашысы деген жаңа мамандық енгізуді ұсынамыз. Ол мамандық иесі тек тілді біліп қана қоймай, қазақ мәдениетін де жетік меңгеруі керек. Ол жарнаманы түріктілді халықтар үшін жасауы керек»,-деді А.Байтұрсынов атындағы тіл ғылымы институтының директоры Анар Фазылжанова.
Оның пікірінше, қазақ тілін жоғары деңгейде білетін маман тек қаланың көркін келтіріп қана қоймай, тауарлар мен қызметтер көлемінің артуына ықпал етеді. Қазақстанда терминологиялық комитет жоқ, сол себепті бұл бағытта жұмыс істеу керек.
Ал А.Байтұрсынов атындағы Тіл ғылымы институтының ғылыми қызметкері Нұргелді Уәли филологиялық білім беру жүйесін реформалауды ұсынды. «Ресейде филология саласы филолог-логопед, филолог-референт, филолог-жарнамашы сияқты 42 түрлі бағытқа бөлінеді. Біз әлі күнге дейін Кеңес Одағындағы жүйемен жұмыс істеп келеміз. Біздің қоғамның қазақ тіліне деген сұранысы жоғары. Ал осы осы сұранысты қанағаттандыратын филологтар өте аз»,-деді ол.
Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мамай Ахетовтың сөзінше, қалалық әкімшілік мемлекеттік тілдің сапасын арттыру бағытында дөңгелек үстел отырысының қатысушыларымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. «Қалалық ортадағы қазақ тілі» атты тақырыпта өткен өңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша, арнайы резолюция мен мәселенің өзекті бағыттары бойынша кеңестер қабылданды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы