- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ-де дипломаттарды оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды
ҚР СІМ-де дипломаттарды оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойылды
ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, сыртқы істер министрлігінде өткен қол қою рәсімі барысында Е. Ыдырысов бұл келісімшарт бірлескен ғылыми, ағартушылық және зерттеу жұмыстарының негізін қалап, кәсіби дипломатиялық кадрларды даярлау мәселелерінде Қазақстанның өңірлік лидер ретіндегі оң имиджін көтеруге септігін тигізеді. «Бұл келісімшарттың ерекшелігі сонда, Қазақстан енді өңір елдерінің ұлттық кадрларын дамыту ісіне көмек көрсететін болады. Тәжік тарапымен қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес, ҚР Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында екі тәжік дипломаттар дәріс алатын болады. Бұл Қазақстанның өңірдегі белсенді ролін растайды», - деп атап өтті ол.
Ә. Бәйменов Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб мақсаттарының бірі өңірдегі мемлекеттердің кадрлық әлеуетін жақсартуға қолдау көрсету болып табылады деп айтты. «Тәжік дипломаттарының Академияда оқуы қазақстандық дипломатия ролінің өрістеуін және көрші елдеріміздің Өңірлік хаб қызметіне қызығушылығының артуын білдіреді. Хаб өңірдегі елдердің ұлттық кадрларын даярлау саласында өз дамуының жаңа сатысын бастады деуге болады», - деп, бүгінгі таңда Хаб жұмысына 30 мемлекет және 5 халықаралық ұйым қатысуда деп атап өтті.
«Бұл құжатқа қол қоюдың маңызы зор, ол Академия қызметінде жаңа жобаны дамыту мүмкіндігін ашады. Біздің білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың деңгейі көршілес елдер үшін тартымды. Біз СІМ және Өңірлік хабпен ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға дайынбыз», - деп атап өтті Б. Әбдірасілов.
Келісімшартта келесі салалар басымды болып анықталды:ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша өңірдегі мемлекет қызметкерлеріне оқу гранттарын беру,сыртқы саясат саласында мамандар дайындаудың қазіргі заманға сәйкес әдістерін жасау мен енгізу;ақпараттық-сараптау материалдармен, оқулықтармен алмасу, дипломатиялық кадрларды дайындау әдістерін кемелдендіру мәселелері бойынша консультациялар жүргізу, өзара мүдделілік білдіретін ғылыми зерттеулер мен жобалардың бірлескен дамуына қолау көрсету, сарапшыларды, оқытушыларды алмасу.Конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. шараларға қатысу.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары