- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық банк пен ҰКП-ның өкілдері Қазақстанда бизнесті қорғау мәселесін талқыға салды
Ұлттық банк пен ҰКП-ның өкілдері Қазақстанда бизнесті қорғау мәселесін талқыға салды
Ұлттық кәсіпкерлік палата өкілдерінің мәлімдеулерінше, мәжіліс Ұлттық банк пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім аясында өтті. Сондай-ақ басқосу еліміздегі бизнесті қорғау мәселесіне арналды.
ҰКП-ның президиум төрағасы Т.Құлыбаевтың айтуынша, ұлттық валютаның рөлін арттыру бағытындағы шараларда төл валютамыздың өткізу мүмкіндіктері мен арналары аз.
Ұлттық банк төрағасының деректерінше, қазіргі таңда валютаны негізгі реттеушісі банкаралық нарықтан кетіп, қазіргі таңда қайтадан екіншідеңгейлі банктер алдыңғы орынға шықты. «Өткен жылдың желтоқсан айының өзінде реттеуші тарапынан жеткізілетін «біркүндік теңге» 500 миллиард теңгеден асса, қазір Ұлттық банк өзінің қатысуын 200-300 миллион долларға дейін кемітті. Өзара алмасу ставкасы 15-тен 14 пайызға дейін төмендеді. Егер осы қарқын сақталатын болса, біз сәуір айынан бастап, бұл көрсеткішті 12 пайызға дейін кемітуді жоспарлап отырмыз. Ал макароэкономикалық жағдай оңды болатын болса, біз өзара алмасу ставкасын 1 пайызға дейін кемітетін боламыз»,-деді Қ.Келімбетов.
Хабарламадан мәлім болғанындай ҰКП-ы президуымынң басшысы сәуір айында Алматыда бас қосып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында іскерлік ортаны толғандырып отырған өзекті мәселелерді ортаға салуға шақырды. Сонымен қатар осы жиында Ұлттық банк тарапынан қолға алынған бастамаларды сәтімен жүзеге асыру үшін Ұлттық банк пен ҰКП-ның сарапшыларынан тұратын жұмыс тобын құру ұсынылды.
Сонымен қатар, Т.Құлыбаев қаржылық қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығынатап өтті. Оның пікірінше, мұндай жағдай тек бизнес заңдық тұрғыда толық қорғалатын болғанда ғана мүмкін болмақ.
Басқосуда ҰКП-ы бюросының басшысы шенеуніктердің іскерлік қатынастарға араласуын шектеу үшін заңды қорғаныс шараларын қарастыру, кәсіпкерлерге қысым жасауға жол бермеу сияқты бизнестің өрістеуіне жол ашатын өзге де бірқатар мәселелер туралы сөз қозғап, олар бойынша басқосуға қатысушылармен өзара пікір алмасты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді