- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Шығыс Қазақстанда 470 млрд теңгенің 32 жобасы жүзеге асырылуда
ИИДМБ: Шығыс Қазақстанда 470 млрд теңгенің 32 жобасы жүзеге асырылуда
Жиынға қатысушылар индустриалияландыру картасы аясында жобалардың дамуы, қазақстандық тауар өнімдерінің айналымы, сондай-ақ, аймақтағы кәсіпкерлердің мәселелерін талқылады.
«ҮИИДБ біздің Шығыс Қазақстанда табысты орындалып келеді. Аталмыш бағдарлама аясында қолға алынған 76 жобаның 44-і жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта өңірімізде бірқатар пилотты инновациялық жобалар легі бар», – деді облыс әкімі.
Отырыс барысында сонымен қатар, облыс бойынша ҮИИДБ екінші бесжылдығында құны 470 млрд.теңгені құрайтын 32 жобаны жүзеге асыру жоспары аталып өтті. Бұл жобалар қатары 8,6 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы индустриалияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру үшін белсенді түрде бизнесті аталмыш бағдарламаға тарту маңыздылығына тоқталды.
«Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жергілікті басқару органдарымен біріге отырып, барлық өңірлерде Аймақтық картаны жасау бойынша жұмыс топтары құрылды. Картаны жүзеге асыру барысында жергілікті құрам мен отандық тауар өндірушілер үшін кепілдеме өтімін ескерген жөн. ҮИИДБ-2 үшін үлкен қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ, шетелдік серіктестер арқылы қосымша инвестиция тарту жұмыстары да зор маңызға ие», – деді Тимур Құлыбаев.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді