- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Анаға жол» атты көркем фильмінің түсірілімі басталды
Қазақстанда ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Анаға жол» атты көркем фильмінің түсірілімі басталды
Фильмді «Қазақфильм» мен «Новый Мир Продакшн» компаниясы түсіреді. Кинокартина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілмек, бас продюсер Алия Назарбаева.
Шараға ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров, Ш.Айманов атындағы «Қазақфилм» АҚ бас редакторы – вице-президенті Д.Амантай, «Новый мир» Продакшн» бас директоры Светлана Коротенко, режиссер Ақан Сатаев қатысты.
Фильмнің түсірілімі ақпан айында басталды. Картина Жеңістің 70 жылдығына арналған.
«Біздің команда үшін бұл жобаны түсіру үлкен мәртебе. Идея былай туындады: менің ата-анам актер болыпп гастрольдерде жүрді. 80 жылдарда ауылда бір әйел күн кешті. Ол күнде далаға шығып, үйдің жанындағы ағаш түбінде өз баласын күтті», - деді режиссер Ақан Сатаев.
Фильм сюжеті Қазақстан тарихының бірнеше күрделі кезеңдерінен тұрады. Ол Жұт және ҰОС кезеңі мен соғыстан кейінгі кезең.
«Бұл кино ана жүрегі туралы, туған жерге деген сағыныш пен махаббатың көрінісі. Біз Ақан Сатаевтың сәтті жұмысына сенеміз, ол қоюшы-режиссер ретінде қызмет етеді. Бұл соғысқа арналған аз картиналардың бірі. Бұл фильм жастарға тәрбиелік мәні зор картина болады деп үміттенеміз», - деді Д.Амантай.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді