- Басты
- ЭКСПО-2017 құрылысы белгіленген мерзімнен алда келеді – Лоссерталес
ЭКСПО-2017 құрылысы белгіленген мерзімнен алда келеді – Лоссерталес

Естеріңізге сала кетейік, ХКБ Бас хатшысы В.Лоссерталес ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылыс нысандарымен танысу мақсатында ресми сапармен Астанада жүр.
Екікүндік сапары барысында ол көрме кешенінің құрылысымен танысып, онымен айналысып жатқан ұлттық компания өкілдерінің көрмеге дайындық жұмыстары жөніндегі мәліметтерін зерделеді. Сондай-ақ Бас хатшы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен және Астана әкімі Әділбек Жақсыбековпен жүздесті.
«Көрмеге дайындық жұмыстарын алдын ала белгіленген жоспарға сай жүргізіп келеміз, кейбір мәселелерді тіпті жоспардан ерте атқаратынымызды атап өткім келеді. Жылдың соңында құрылыс алаңы айтарлықтай жетіліп қалады. Одан әрі барлық қажетті қызметтер мен оған қатысушылардың ұсыныстары негізінде тақырыптық павильондарды толықтыру жұмыстары жүргізіледі»,-деді В.Лоссерталес.
ХКБ-ның басшысының пікірінше, ЭКСПО қалашығының құрылысы өте жақсы жүріп жатыр. «ЭКСПО-2017 аймағындағы құрылыстардың қарқыны жөнінде айта келе, құрылыс алаңында тіпті қыс мезгілінде де айтарлықтай жұмыстардың атқарылғандығын атап өту керек», - деді мейман.
Сонымен қатар ол 2015 жылдың соңына қарай көрмеге қатысушыларды тарту жұмыстары аяқталатындығын жеткізді.
Камила Амирова
-
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
-
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі
-
Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмайды
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық

