• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жылына 158 млн құнды балық түрін өсіру үшін суайдындар толтырылады

Қазақстанда жылына 158 млн құнды балық түрін өсіру үшін суайдындар толтырылады

7 Қазан, 2013 17:05
Мемлекеттік мекемелер жылына 158 млн құнды балық түрін өсіру үшін суайдындарды толтырады, деп Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Парламент Мәжілісінде өткен «үкіметтік сағатта» хабарлады.

«Экологиялық басты проблемалардың бірі шоқыр балықтардың сақталуы. Қазақстанның мемлекеттік мекемелері жылына жасанды жолмен 158 млн балық түрін өсіру үшін суайдындарды толтырады», - деп Нұрлан Қаппаров хабарлады.

Жыл сайын құқыққорғау органдары мен қоршаған ортаны қорғау ведомствосы суайдындарда «Бекіре» балық түрін өсіруді жүзеге асыруда.

Министр атап өткендей, Комиссия бойынша Каспий теңізінің биоресурстарында шоқыр балықтардың түрін сақтау, яғни аулауға тиым салу  сұрағының барлық бағыттары қарастырылды. Қазақстан оған шектеу қойды.

Айта кетерлігі, ҚР «жасыл экономикаға» көшу Концепциясын жүзеге асыру бойынша келер жылы балық шаруашылығын дамыту үшін 2020 жылға арналған жоспар құрастырылады.

 

Барлық жаңалықтар