- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімі мен ХКБ бас хатшысы Астананың ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығын талқылады
Астана әкімі мен ХКБ бас хатшысы Астананың ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығын талқылады
Кездесу барысында Ә. Жақсыбеков В.Г. Лоссерталесті «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған дайындық жұмыстарының барысымен таныстырды.
«Астана әкімдігімен, ЭКСПО тақырыбына сай келетін, жоғары технологияларды енгізу арқылы қаланың жол-көлік инфрақұрлымын дамыту бойынша кешенді шаралар жоспары жасалды», – деді Ә. Жақсыбеков.
Астана әкімі аталмыш жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүзеге асатынын атап өтті. Солардың ішінде – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көрме қонақтарына ыңғайлы жағдай жасау, волонтерлік қызметті ұйымдастыру, мәдени-ойын-сауық шаралары, ақпараттық жұмыс. Медициналық қамтамасыз ету және тағы басқа.
Қала басшысы кешенді жоспарды іске асыру барысында бірқатар маңызды құрылыстар жүргізілетінін айтты. Атап айтсақ, жол құрылысы, BRT құрылысының 1 кезегі, қаланың батыс және шығыс кіре берістеріндегі екі автовокзал құрылысы, 10 жеке автопаркинг, темір жол вокзалы құрылыстары мен халықаралық әуежай терминалының реконструкциясы.
Елорда әкімінің айтуынша, инженерлік инфрақұрылым бағытында да көлемді жұмыстар атқарылуда.
«Астана қаласы әкімдігімен жеке инфестицияларды тарту арқылы қуаты 50МВт құрайтын күн электростанциясы құрылысының жобасы жүзеге асырылуда. Эксплуатацияға енгізу уақыты – 2016 жылдың 1 тоқсаны», - деді Ә. Жақсыбеков.
Кездесу барысында В.Г.Лоссерталес алдағы уақытта Миланда өтетін ЭКСПО-2015 көрмесі шеңберінде «Астана апталығын» өткізуді ұсынды. Ол аталмыш шара қатысушылар мен қонақтарға Астананың бірегейлігімен танысуға мүмкіндік беретінін және Қазақстанның астанасын әлемнің қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бір ретінде таныстыруға үлкен мүмкіндік екенін айтты.
Көрме кезінде қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау да басты мәселелердің бірі болып табылады. Болжам бойынша көрмеге шамамен 2 млн адам келеді, олардың 85% Астана мен Қазақстанның өзге аймақтарының тұрғындары.
2017 жылы көрменің басталуына дейін келетін туристерге қызмет көрсету үшін Астана қаласында 5, 4, 3 жұлдызды қонақ үйлер пайдалануға беріледі.
Өз кезегінде Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы В.Г.Лоссерталес атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер