• Басты
  • Қызылорда облысының білім беру саласында 2014 жылы 66 млрд теңге игерілді
20 Наурыз, 2015 08:53

Қызылорда облысының білім беру саласында 2014 жылы 66 млрд теңге игерілді

Қызылордада «Мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ортасының трансформациясы» тақырыбында екі күнге созылған республикалық форум өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда облысының білім беру саласында  2014 жылы 66 млрд теңге игерілді

Шараға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, Кембридж университетінің Білім беру факультетінің аға лекторы Элейн Уилсон, және Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Қазақстанның бірнеше өңірлерінен білім беру саласының үздіктері қатысты. Жиында білім берудің озық әдістерін қолдану, осы саланың дамуы мен өзекті мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Сапалы білім – өңірдің табысты дамуының кепілі» тақырыбында баяндама жасап, Сыр өңіріндегі білім саласының жетістіктеріне тоқталды.

Айта кету керек, аймақта соңғы екі жылда үш ауысымда білім беретін мектептер проблемасы түбегейлі шешімін тапты. Апатты жағдайдағы 34 мектептің саны 20-ға қысқартылды. Биыл тағы 8 апатты деп танылған білім ошағының орнына жаңа ғимараттар салынып бітеді. Және “Нұрлы Жол” бағдарламасы аясында тағы екі білім ұясы мен бір балабақшаның құрылысы басталады деп күтілуде.

Өткен жылы облыстың білім беру саласына 66 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 32 пайызы. Ұстаз – келер күннің ұстасы демекші, оқытушылардың білігін арттыру да басты назарда. 2014 жылы 1102 мұғалім мен 82 мектеп директоры «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» деңгейлі бағдарламасы бойынша біліктілік көтерді. Осы курстан өткен ұстаздардың жалақысы 30-дан 100 пайызға дейін өскен.

Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап кәсіби мамандар даярлау үшін Ресейдің белгілі жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтасып жүргізіп, қазіргі кезде 107 студент Мәскеу болат және қорытпа институты мен Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университетінде білім алуда. Биыл тағы 300 Қызылордалық жас түлекке Ресейдің ең мықты жоғары оқу орындарында білім алуларына мүмкіндік берілмек.

Семинар қатысушылар ойларын ортаға сала келе мектепте сапасы жоғары және қазіргі уақытта қолданбалы білім берілуі тиіс. Ең үздік және артта қалған оқушылар арасындағы айырмашылықты мейлінше қысқарту керек деген тоқтамға келді. Конференция қорытындысы бойынша аймақтағы білім беру саласын дамыту мақсатында облыс әкімдігі мен Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы арасында стратегиялық серіктестікті дамыту жөнінде меморандумға қол қойылды. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды